Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Облыс әкімі Екібастұзда жаңа кен байыту фабрикасын ашты

          2014 жылдың 11 желтоқсанында ҮИИД МБ индустрияландыру картасы аясында Әлкей Марғұлан ауылының маңында орналасқан «Аяқ-Қоджан» кен орнындағы кен байыту фабрикасы іске қосылды.

Фабриканың салтанатты ашылу рәсіміне Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев және Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк қатысты.

Жобаның бастамашысы - «Fonet Er-Tai AK Mining» ЖШС-ы, бас директоры Зияда Мұхатаев.

Кәсіпорынның келешектегі негізгі қызметі – мыс кентасын өндіру және қайта өңдеу. Компания жылдық қуаты жылына 500 мың тонна кен және 26 мың тонна мыс флотоконцентратын өндірмекші.

125 жұмыс орны құрылды.

Жобаны іске асыруға 2,7 млрд. теңге инвестиция тартылған.