Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.01.12. бастап 14ж.08.12. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 00 сағ. 44 мин. машинасы жол шетіндегі жыраға түсіп кеткендігі туралы хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Машинада 3 адам бар. Құтқарушылар, оқиға орына келіп, КАМАЗға арқан арқылы тіркеп оны жолға шығарды.  
  2. Астана-Павлодар тас жолында, Екібастұзға 12 км жетпей «Лада» автокөлігінің және «Мерседес» автобусынын қарама-қарсы соқтығысы болғандығы жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Қысылып қалғандар бар. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, жүргізушіге көмек керектігін анықтады. Зақымданған аяғына бұрау салды, содан екінші аяғына вакуумдық таңғыш қалақты қойды. Оны зембілге салып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Екінші жолаушы өмір нышанысыз болды. Автобуста зардап шеккендер болмаған. Автобус жолаушыларын жедел машинада қалаға көшірді.   
  3. 13 сағ. 29 мин. өліктің иісі шығып тұрған пәтердің есігін ашуға құтқарушылардың көмегі керектігі жөнінде хабарлаған 102 кезекшісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сырқы есікті ашты. Пәтерде ер адамның денесі табылды.   
  4. 01 сағ. 45 мин. Павлодар–Астана тас жолында 137 шақырымында жол шетіндегі жыраға Митсубиси Дэлика автокөлігі аударылып қалғандығы жөнінде хабарлаған ТЖБ кезекшісінен қоңырау түсті. Жүргізіші тоңып жатыр. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, жүкшығар көмегімен автокөлікті доңғалақтарына тұрғызды, содан кейін эвакуатор оны қалаға тасымалдады.   

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

2-құтқару бөлімшесінің басшысы                         Жумагожин Б.К.