Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қол күресінен және гір тасын көтеру спортынан біріншілік өтті

2014 жылғы 7 желтоқсан күні № 1 БЖСМ-нің спорт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерелеу шеңберінде қол күресінен және гір тасын көтеру спортынан біріншілік өтті. 

Қол күрес жарысы халықаралық ереже бойынша өткізілді.

         Баденов Әли, Штукерт Леонид, Скрипковский Владимир, Похилько Сергей, Голубев Александр жеңімпаз атанды. Екінші орынды Скорик Егор, Умержанов Нұрлан, Беков Болат, Батишов Владимир, Мұхамедрахим Меиіржан жеңіп алды, ал үшінші орын Ластовский Иванның, Самыжанов Нұрсұлтанның, Даулбаев Залзеректің, Беккер Андрейдің және Каськов Евгенийдің еншісіне тиді. Жарыстың қорытындысы бойынша өз абсолюттік  салмақ дәрежесінде Скрипковский Владимир ең үздік спортшы атанып,  Беккер Андрей екінші орынға ие болса,  үшінші орын - Сарсембин Ерікте.

Гір тасын көтеру жарысы 24 және 32 кг-дық гір тастарымен өткізілді. Бірінші орын иегерлері болып Ластовский Иван, Истамбеков Азамат, Айтпаев Ерлан, Иманғалиев Руслан, Беков Болат, Нұғманов Нұрлан, Даулбаев Залзерек атанды. Екінші орын Баденов Әлиде, Умержанов Нұрланда, Еникеев Ильдарда, Нұғманов Ерғанатта, Аденов Тахирда, Филонец Игорьде және Сұрымбетов Мейрамда, үшінші орынды Ақтаев Қуаныш иеленді.