Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала құқық қорғау органдары командалары арасында шағын-футболдан біріншілік өтті

 4 желтоқсан күні «Жасыбай» БЖСМ спорт залында Екібастұз қаласы құқық қорғау органдары командалары арасында халықтық және ұлттық, жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен екінші қалалық кешенді спартакиада есебіне шағын-футболдан біріншілік өтті.

Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды «Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасының» құрама командасы жеңіп алса, екінші орын Екібастұз қаласының ТЖ жөніндегі басқармада, ал үшінші жүлделі орынды Екібастұз қаласының соты иеленді.