Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Электрондық Үкімет порталының артықшылығы!

Электрондық үкімет порталы 2007 жылы құрылды және электрондық үкімет порталын құру идеясын Мемлекет басшысы ұсынған болатын.

Электрондық үкімет – бұл мемелекет пен азаматтардың, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың көмегі кезінде мемлекеттік органдардың бір-бірімен өзара әрекет жасаудың, олардың келісімділігін қамтамасыз ететін біртұтас механизм. Нақты осы механизм мемлекеттік органдарда кезектерді азайту және анықтамаларды, куәліктерді, рұқсат беру қағаздары мен басқа да құжаттарды алуды жылдамдату мен оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда электрондық үкімет порталы көпшілікке танымал. Порталдағы ең танымал қызметтер:

1. Мекенжай анықтамасын алу

2. Соттылығы бар немесе жоқ екендігі жөнінде анықтама алу

3. Мүгедектікті растау жөнінде анықтама алу

4. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары жөнінде анықтама алу

5. Некені тіркеу үшін электрондық құжат беру және т.б.

Сонымен қатар порталда мемлекеттік баж салығын, жеке тұлғалардың мүлік салығын, жеке тұлғалар көліктерінің салығын, елді мекендердегі жер үшін жеке тұлғалардың жер салығын, Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеуге болады.

Электрондық үкімет порталында бірінші басшысының қабылдауына жазылуға, жүргізушілер куәлігін ауыстыруға, ХҚКО кезегін, бала -бақшаны брондауға, ЭЦҚ алуға және т.б. алуға мүмкіндік бар.

2014 жылғы қаңтарда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын қозғалмалы мүлік кепілі бойынша анықтама алу рәсімі оңтайландырылды, қазіргі кезде осы анықтаманы электрондық үкімет порталында 5 минут ішінде және тегін алуға болады, бұрын ХҚКО қызметті алу үшін құжаттарды тапсырған кезде қызмет ақылы және көрсету мерзімі 2 жұмыс күнін құрайтын.

Порталда Мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттіктің жаңа «Мемлекеттік қызметшілер үшін тестілеуге жазылу» қызметі автоматтандырылған, бұл мемлекеттік қызметшілер үшін жайлы болып отыр.

Электрондық үкімет порталында «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі Қазақстанның барлық азаматтарына онлайн режімінде лицензиялар мен рұқсат беру құжаттарды алуға мүмкіндік береді, бұл ең алдымен республиканың жеке өңірлерінің тұрғындары үшін өте маңызды.

Электрондық үкімет порталы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету, ЭЦҚ алу бойынша кеңестерді Қазақстан азаматтары 1414 біртұтас байланыс-орталығында (8 800 088 7777) алуына болады, Қазақстан бойынша қоңырау соғу тегін.