Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Іздеу–құтқару жұмыстары

2014 жылғы 18 қараша 20 сағат 56 минутта «ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ТЖБ жедел-құтқару жасағы» ММ жедел кезекшісіне телефонға екі адам жоғалып кеткендігі туралы үрейлі қоңырау түсті. Бірден жоғалып кеткендер жайлы ақпараттарды жинау басталды: ол адамдар кімдер, қайдан, туысқандарының телефондары, жоғалып кеткендердің бағыты қандай болған және қандай көліктен қайдан және қайда бара жатты. Жасақтың жедел кезекшісі оқиға туралы ақпараттарды жинауды өндеп жатқанда, құтқарушылар жолға шығуға «ТРЭКОЛ» жолсызда жүргішті дайындап жатты.

Жиналған ақпараттан 17 қарашада Айтен бөлімшесіне көмір апара жатқан тиеулі камаз  автокөлігінде үш адам жол жүріп бара жатқандығы анықталды. Қарасу кентін өтіп кеткен, тас жолдан қырдағы жолға түсу жолын шатастырып, басқа жерден түсіп кеткендіктен керекті орынға жетпеген. Қырда күртік қарға малтығып қалған, күртік қардан өз беттерінше шыға алмаған. Осы аумақта ұялы байланыс болмағандықтан, ешқайдан көмек күте алмады. 17 қарашада 20.00 сағатта жүргізушілердің беруі бөлімшеге көмек сұрау үшін жаяу жүруді шешті. Болжамды бағдар алып, боран басталғанына және қараңғыланып бара жатқанға қарамастан ер адам кетіп қалған. 18 қараша таңғы сегізде бөлімшеден көмекті күтпестен, осы бағытта екінші адам кеткен. Елді мекенге екі адам да жетпеген.

 Іздеуді болжамды аймағын анықтап (адамдар Қарасу к. және Айтен бөлімшесі арасында жоғалып кеткен) жоғалған адамдарды іздеу бойынша іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін «ТРЭКОЛ» жолсызда жүргіште құтқарушылар экипажы жолға шықты. 2014 жылғы 20 қарашада Айтен бөлімшесінен шамамен 15 км. қашықтықта жоғалып кеткен адамдардың бірі әлсіз күйде табылды. Ер адам шай ішіп, кішкене жылынып және өзіне келіп бораннан жолдан тайғандығы туралы айтып берді, өзімен бірге ұялы телефоны болған, бірақ ол аумақта (Екібастұз қаласынан 60-80 км. қашықтықтағы) ұялы байланыс болмағандықтан, ол қоңырау шала алмаған. Осы күндері аш, ол бір мая шөпте түнеген, арнайы техниканы естіп және алыстан көргендіктен, оны іздеп жүргендерін түсінген, мая шөптен шығып, құтқарушыларға қарсы күшпен қозғалуды бастаған. Екінші жоғалып кеткен адамды әлі таппады, іздеу жүріп жатыр.

Жақсы аяқталғандықтан, бәрі жақсы. Егер сол ауданда ұялы байланыс болған жағдайда, мұндай жағдай болмауыда мүмкін еді. Адамдар телефон арқылы хабарлап, көмек шақырар еді, ешкім ешқайда кетпеуші еді және жоғалмаушы да еді. 

 

Қарлы боран

 

Қарлы боран-әр тұрлі дауылдардын бірі, қардың үлкен көлемде ауада қозғалуын туғызатын,  едәуір желдің жылдамдылығымен сипатталады, ықпалдың сарлыстырмалы жіңішке жолағы бар (бірнеше ондық шақырымға дейін). Боран кезінде кенеттен көз көрерлік төмендейді, қала ішілікте, сондай-ақ қала аралық көліктік қатынас тоқтатылуы мүмкін.  Боранның ұзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін ауытқып тұрады.

Қатты боран, сырма боран, ұйытқыған қарлы боран кенетті температура айырмасы мен қатты жел ұйытқуымен қардың жаууымен бірге келеді. Температураның төмендеуі және қатты желде температура айырмасы, жаңбырмен қоса қардың жаууы  мұздың қатуы үшін жағдай жасайды. Электр беру желісі, байланыс желісі, ғимарат шатыры, әр түрдегі тіреулер мен құрылымдар, жолдар мен көпірлер мұзбен немесе дымқыл қармен басылады, бұл жиі олардың бұзылуына әкеледі. Көктайғақтық құрылулар жолдарда автокөліктің жұмысын қиындатады, ал кейде тіпті бөгет жасайды. Жаяу жүрушілердің қозғалысы қиындалады.

Қар басу – мол қардың жаууы мен бұрқасынның салдарынан туындайды, ол бірнеше сағаттан тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, көлік қатынасының бұзылуына, байланыс желілері мен электр беру желілерінің зақымдануына әкеп соғады, шаруашылық қызметке орасан зор зияның тигізеді.

Тікелей қауіп кезінде елді мекенді хабарландыру ұйымдастырылады, қажетті күштер мен құралдар, жол және коммуналдық қызметтер дайындыққа келтіріледі.

Таудан селдің сырғуы кезіндегі күртік қар айрықша қауіпті. Осындай табиғи апаттардың негізгі зақымдаушы факторлары болып, үсуге әкелетін, ал кейде қатып қалуға әкелетін, адам ағзасына төмен температураның әсері болып саналады.

Қатты боран, сырма боран, ұйытқыған қарлы боран бірнеше тәулік болуы мүмкін, сондықтан алдын ала үйде азық-түлік, су, отын қорын жасау, авариялық жарықтандыруларды дайындауға кеңес беріледі.

Ғимараттан тек қысыл-таяң жағдайда ғана және жалғыз емес шығуға болады. Әсіресе ауылдық жерде козғалысты шектеу керек. 

Автокөлікпен тек негізгі жолдарда ған қозғалу керек. Кенеттен желдің көтерілуі жағдайында қолайсыз күн райында елді мекенде немесе оған жақын жерде күту жақсы болады. Машинаның бұзылуы кезінде көзге көрінерлік жерден тыс кетіп қалуға болмайды. Әрі қарай қозғалу мүмкіншілігі болмаған кезде тұратын орынды белгілеп тоқтау қажет (қозғалтқышымен жел жаққа қарай ) радиатор жағынан қозғалтқышты жабу керек. Қатты қар жауу кезінде автокөлікті қар басуын болдырмауын қадағалау керек, демек қажеттілігіне қарай қарды тырмалау. Автокөлік қозғалтқышының қатып қалмауын болдырмауға кезең сайын жылыту қажет, осы кезде кабинаға (шанаққа, салонға) пайдаланылған газдың кіруін болдырмау керек, осы мақсатта машинадан бөлінетін газ шығатын мұржаны, одан шығатын газ автомобиль астына емес атмосфераға кететіндей, қардан тазалап, қазып шығарыңыз.

Бірнеше автокөлік болса пана ретінде бір автокөлікті пайдаланған жөн, қалған автокөліктерінің қозғалтқыштарынан суды ағызып тастау қажет.  Пананы (автокөлікті) қандай жағдайда болсын тастап кетуге болмайды, қатты қар жаууда бірнеше он метрде бағдар жоғалып кетуі мүмкін.

Қатты боран, сырма боран, ұйытқыған қарлы боранның басылғаның қардан жасалған панаханада күтуге болады. Панахананы қар басуы болмайтын, тек қана  ашық алаңқайда салуға кеңес беріледі. Паналауға дейін, жақын жердегі мекен-жайға бағытталған орынға бағдарды іздеп табу және олардың орналасуын есте сақтау керек.  

Панахана төбесін тесу арқылы кезең сайын қар жамылғысының қалыңдығын бақылап отыру қажет,және кіріс және желдету қуысын тазалау қажет. Ашық және қарсыз жерде көтеріңкі, нық тұрған затты тауып алуға, әрдайым келуші қар көлемін аяқпен серпіп және таптап басып оның артын паналауға болады.

Өте қиын жағдайда құрғақ қарда толығымен жабылуға мүмкін, ол үшін барлық жылы киімдерді киіп, желге арқамен отырып, полиэтиленді үлпекпен немесе қаптөсекпен жамылып, қолға ұзын таяқ алып және өзінді қармен басуға ерік беру керек. әрдайым таяқпен желдету қуысын тазалау және қар күртігінен шығу мүмкіндігі болу үшін пайда болған қар капсуласының көлемін кеңейту керек. Пайда болған панхананың ішінде бағдар-нұсқарын қою қажет.

 

Көп метрлі қар күртігінің және омбысының арқасында бұрқасын төңіректің сыртқы кескінің әлде қайда өзгертуі мүмкін екендігін есте сақтаңыз.  

 

«ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ жедел-құтқару жасағы»

ММ кинологиялық қызмет басшысы                                        Куценко Г.А.