Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Байет ауылының тұрындары: Жұмыссыздық

Құрметті Вербняк Александр Фёдорович. Сізге хат жолдап отыран Байет ауылының тұрындары. Біз ауыл тұргындары 2-3 жыл болды Бозшакөлдегі ГОК-та жұмыс істеп, жадайымыз жақсарып қалган. Ауыл жастары да екі қолга бір күрек тапқандарына өте қуанган едік. Алгашында "Алсим Аларко" атты түрік фирмасында ешқандай проблемасыз жұмыс атқардық. содан 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап "NFC" АТТЫ ҚЫТАЙ ФИРМАСЫ КЕЛІП ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАҒАН БОЛАТЫНБЫЗ. Алдымыз 2 ай артымыз 2-ақ күн жұмыс істедік. Еш себепсіз, түсіндірместен жұмыстан қысқартып тастады. "Шығыс" ақшамызды да төлеген жоқ. Жұмыстан не үшін шыққанымызды сұрасақ жауап бермейді. Бәрім дерлік жанұялы адамдамыз. Басымызда "КРЕДИТ" деген пәле тағы бар. Енді қалай күн көреміз. Қазіргі кезде ГОК-та толы ҚЫТАЙЛАР. Қалың қытайға жұмыс табылғанда, өз елімізде бізге неге жұмыс табылмайды. Бізді неге қысқартады. Осы жайды тексеріп бізге бір жауабын беріп, көмектеседі деген сеніммен Байет ауылының жұмыссыздары

Сіздердің «NFC Kazakhstan» ЖШС жұмыстан шығару бойынша қала әкімінің сайтына жазған арыздарыңызды қарастыра келе, келесіні хабарлаймыз.

Жазған өтініштеріңізде жеке мәліметтеріңіз көрсетілмегенін есепке ала отырып, Сіздерге жұмысқа орналасуға көмектесу, «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ хабарласқан кезде ғана мүмкін болады 8 (7187) 77-00-55, 77-07-56).

 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес, Сіз жоғарыда аталған заңның 12 бабының талабына сәйкес, қабылданған шешімге шағым беруге құқығыңыз бар.

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

халықты жұмыспен қамту және

әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ

басшысы                                                                                        Т.Тарасова