Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиал және өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару

Бүгін ХҚКО бөлімдерінде «Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиал және өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару»  мемлекеттік қызметтерді алуға болады.

         Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Комитеттің бұйрығын немесе уәкілетті органнан заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиал және өкілдіктерді есептік тіркеуден шығару туралы  қызметін қағаз тасымылында беру болып табылады.

         Бас тарту кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілер талаптарымен ұсынылған құжаттардың сай келмеуіне сілтеме жасап, негізделген бас бас тарту қағаз жүзінде ұсынылады.

          Осы қызметтерді  ХҚКО ресімдеу үшін клиентке келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) бекітілген үлгіде өтініш; 

2) заңды тұлға мүлік иесінің немесе өкілетті меншік иесі органының немесе заңды тұлға мөрімен бекітілген құрылтай құжаттарына өкілетті заңды тұлға органының шешімі; 

3) құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

4) заңды тұлғаны жою, кредиторлардан түскен талаптар өтініштерінің тәртібі мен мерзімі туралы ақпараттың баспа басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;  

5) жойылатын заңды тұлға мүлігінің құрамы, кредиторлардан түскен талаптар тізімі, сондай-ақ оны қарастыру нәтижелері туралы мәлімет бар екі аралық жою балансы; 

6) жою балансы;

7) заңды тұлғаның мөрімен бекітілген екі аралық және жою баланстарын бекіту туралы заңды тұлға мүлік иесінің немесе басқа органның шешімі; 

8) заңды тұлғаның мөрін жою туралы құжат; 

9) жойылатын заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерін есептен шығарылғанын растайтын құжат (болған жағдайда);  

10) салық берешегінің жоқ болуы туралы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша анықтамалар; 

11) кедендік төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы салық органдарынан анықтама; 

12) акцияларды шығаруды жою туралы уәкілетті органнан хабарлама (акционерлік бірлестіктер үшін); 

13) заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиал және өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджет алымының төленгенін растайтын құжат немесе түбіртек.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 10 күнтізбелік күнді құрайды. 

      Электрондық үкімет порталында бұл қызмет көрсетілмейді. Дайын құжаттар үшін ХҚКО 10 жұмыс күні өткеннен кейін жүгіну керек.