Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екібастұз қаласындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жұмыспен қамтылуы туралы» мәселесі бойынша мүгедектер ісі жөніндегі ақпарат

2016 жылы және 2017 жылдың 1-тоқсанында мүгедектерді

жұмыспен қамтамсыз ету бойынша

ақпарат 

Екібастұз қаласында 4311 мүгедек тұрады, олардың ішінде 466-ы 1-топтағы, 1701-і 2-топтағы, 1559-ы 3-топтағы мүгедек және 524 мүгедек балалар.

Сырқаттардың басым бөлігі 2229 немесе 51,7 % жалпы ауруы бойынша мүгедектер құрайды, 732 (16,9%) - псхикалық аурулар, 628 (14,5%) - көруі бойынша, 560 (12,9%) - тірек-қозғалтқыш аппаратының бұзылуы, естуі бойынша - 110 (2,5%), тубауруымен - 52 (2,2 %).

Ауыл округтерінде 535 мүгедек тұрады немесе жалпы мүгедектер санымен есептегенде 12,4%.  1 топтағы мүгедектер - 64 адам, 2 топтағы - 222, 3 топтағы - 190, мүгедек балалар саны - 53.

Сырқаттар бөлінісінде 235 немесе 43,9% жалпы ауруы бойынша мүгедектер құрайды, 117 (21,8%) - псхикалық аурулар, 87 (16,2%) – көруі бойынша, 78 (14,5%) тірек-қозғалтқыш аппаратының бұзылуы, естуі бойынша – 13 (2,4%), тубауруымен - 5 (0,9 %).

Жалпы мүгедектер санымен есептегенде 86,4% немесе 3726 еңбекке қабілетті жастағы мүгедектер, солардың ішінен 402 - 1- топтағы мүгедек, 1479 -2 топтағы, 1369 - 3 топтағы.

Бүгінгі күні еңбекке қабілетті жастағы мүгедектерден 1464 адам немесе жалпы санынан 39,2% тұрақты жұмыспен қамтылған, соның ішінде 1241 кәсіпорындарда жұмыс жасайды (1-топтағы - 127, 2- топтағы - 418,  3-топтағы - 696) өз бетінше еңбек ететіндер саны  - 131. Оңалтудың жеке бағдарламасын сәйкес 30 мүгедек жоғары және орта оқу орындарында оқиды.

Мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесі жұмыспен қамту органдарына хабарласқан жағдайда жоғары деңгейде шешімін тауып келеді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының күшін ескере отырып, жұмысқа орналасу мониторингі жұмыспен қамту тақырыбында мүгедектерге сауалнама жүргізген кезде, жұмыспен қамту органдарына мүгедектердің жүгінуі белсендірілген. 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өтініш саны 1,9 есе өсті (2014ж.-33, 2015ж.-38, 2016ж.-33, 2017ж.-63).

Жұмыспен қамту - жарияланған бос жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыруға қатысу кезінде қамтамасыз етіледі.

2017 жылдың 1 қаңтарынан жұмыссыз ретінде 16 мүгедек есепте тұрды, жыл басынан бері жұмыспен қамту мәселесі бойынша жұмыс жөніндегі кепілдемесі бар 63  мүгедек хабарласты.

7 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты, тұрақты жұмыс орындарына - 7. Қоғамдық жұмыстарға 45 мүгедек қатысты.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңына және Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, қала әкімдігінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы «Екібастұз қаласының мүгедектерін  жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» №1491/12 қаулысы қабылданды, мұнда кәсіпорын жұмыскерлерінің тізімдік санына байланысты мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы қарастырылған:

- елуден жүз адамға дейін - 2% мөлшерінде;

- жүз бірден  екі жүз елу адамға дейін - 3% мөлшерінде;

- екі жүз елуден жоғары адам - 4% мөлшерінде.

Жоғарыда көрсетілген квота қаланың 56 кәсіпорнында 267 адамға таратылады.

2017 жылдың басынан квота бойынша 4 мүгедек жұмысқа орналастырылды (11 ЖБОМ - 2, 28 ЖБОМ - 1, №1 мектеп-лицейі - 1). Квотадан тыс осы кәсіпорындарда 76 мүгедек жұмыс атқарып жатыр («Богатырь Көмір» ЖШС-7, «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-4, «2-МАЭС» АҚ-2, «Астана Қала Құрылыс» ЖШС-2, «ҚТЖ ҰК» «Ірілендірілген Екібастұз жол дистанциясы» АҚ филиалы-6, ШЖҚ «№1 емхана» КМК-6, «Горводоканал» КМК-10, «ЭЗЭМ» ЖШС-1, «Тамыр» ЖШС-2, «Горэлектросеть» ЖШС-5, «Экибастузэнерго» ЖШС-2, «№9 ЖБОМ» КММ-1, ШЖҚ «Екібастұз туберкулезге қарсы ауруханасы» КМК-1, «№11 ЖБОМ» КММ-2, «М.И. Глинка атындағы балалар музыка мектебі» КМҚК-1, «Екібастұз политехникалық колледжі» КМҚК-3, «№23 ЖБОМ» КММ-1, «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-1, «№33 ЖБОМ» КММ-3, «Екібастұз құрылыс-техникалық колледжі» КМҚК-1, «№28 ЖБОМ» КММ-1, «№16 ЖБОМ» КММ-2, «Терапия» ЖШС-1, «№19 ЖБОМ» ММ-4, «№1 ЖБОМ» ММ-1, «Бәйет ЖБОМ» КММ-1, «Жасыбай» БЖСМ» КМҚК-4, «Ә.Марғұлан атындағы ЖБОМ» КММ-1).

Сонымен бірге, квоталанатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру кезінде бірқатар қиындықтар туындайды: кәсіпорындардағы жұмыскерлер штатының жасақталуы, жұмыс берушілердің квоталанған жұмыскерлерге қосымша жұмыс орындарын құру үшін еңбек төлеміне қаржы қарастыру мүмкіндіктері жоқ.

Мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз етудің барлық бағыттары бойынша жұмыс жалғасатын болады.