kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Музейде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында дөңгелек үстел өтті

Екібастұз тарихи–өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті күніне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің қалыптасуы және тәуелсіз демократиялық мемлекеттің құрылысындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге музейдің бас  қор сақтаушысы, «Нұр Отан» Екібастұз қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры Марат Өтеубаев, сондай–ақ Инновациялы Еуразия университеті Екібастұз колледжінің  бірінші курс студенттері қатысты. Олар елбасының  Қазақстан халқына жолдауы, ұлт көшбасшысының фотоальбомы, еңбектері ұсынылған тұңғыш Президентке арналған кітап көрмесімен танысты.

Бұдан басқа, мемлекет басшысының өмірі мен қызметі туралы шағын слайд және музей қорынан көлемді ретросуреттер, эксклюзивті материалдар ұсынылды. 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза