Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген

денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»

мемлекеттік қызметін көрсету туралы

 

«Екібастұз қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Экономика бөлімі) халыққа «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін  көрсетеді.

Мемлекеттiк қызмет ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені мамандарына тегін көрсетіледі.

Көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет алу үшін Екібастұз  қаласы, Екібастұз қаласының 50 жылдығы көшесі, 10 мекенжайы бойынша орналасқан Экономика бөліміне жүгіну қажет.

Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:

39 (отыз тоғыз) күнтізбелік күн ішінде көтерме жәрдемақы төленеді;

32 (отыз екi) күнтiзбелiк күн iшiнде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келiсiм жасасу рәсiмi жүзеге асырылады;

Келiсiм жасалғаннан кейiн 30 (отыз) жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит ұсынылады;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 15 минут;

3) қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты – 30 минут.

 

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;

4) азаматтарды тіркеу кітабының немесе тиiстi елдi мекенде тұратынын растайтын мекенжай анықтамасы;

5) бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;

6) жылжымайтын мүлікті бағалау актісі (бюджеттік кредит алу үшін);

7) тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт.

Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы өтініш берген күні көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

 

 

 

Екібастұз қаласы әкімінің аппараты