Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.24.11. бастап 14ж.01.12. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 22 сағ. 25 мин. көршісінің жылу құбыры жарылғандығы, ал пәтерде жүрмейтін әжей бар екендігі және сыртқы есік жабық тұрғандықтан көмек сұрап жатқандығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, әжейді пәтерден шығарды және медициналық қызметкерлерге тапсырды.
  2. 12 сағ. 18 мин. құлып желініп қалғандықтан сыртқы есікті аша алмай тұрғандығы, пәтерде 4 айлық бала бар екендігі және плиткада түскі ас пісірілп жатқандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылардың көмегі керек. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, үй иесінің кілтімен сыртқы есікті ашты, плиткадан кастрюльдерді алды және жас анамен әңгіме жүргізді. Бала зардап шеккен жоқ.    
  3. 09 сағ. 30 мин. сыртқы есік ішінен ысырмаға жабық тұрғандықтан, есікті аша алмай тұрғандығы, пәтерде 54 жастағы әйел және  3 жасар бала бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Есік қағысына және телефон қоңырауларына ешкім жауап бермейді. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Әйел ессіз күйінде бөлмелердің бірінде диванда жатты. «Жедел жәрдем» қызметкерлерін шақырды. Бала зардап шеккен жоқ.
  4. 23 сағ. 15 мин. Шідерті жағынан Байет ауылына жетпей жолдың шетіндегі жыраға түсіп кеткен, Астана-Семей бағыты бойынша келе жатқан «Мерседес» рейстік қала аралық автобустың бір жолаушысынан қоңырау түсті. Автобус аударылмай, доңғалақтарында қалған, 20 жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, адамдарды көшіру үшін көмек және автобусқа техннннникалық көмек керек. Көмек көрсету үшін 2 адам құрамында құтқарушылар КАМАЗ автокөлігінде жолға шықты. Адамдарды көшіру үшін Екібастұз қаласының автовокзалынан «Вольво» автобусы жіберілді. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, адамдарды көшіру үшін келген автобусты жолда бұрылуға көмектесті, бір автобустан екінші автобусқа отыру үшін жолаушыларға көмек көрсетті. Автобус жолаушылары Екібастұз теміржол вокзалына дейін жеткізілді. Жыраға түсіп кеткен автобус өздігінен жолға шықты және Екібастұз қаласына дейін аман- есен жетті.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

3-құтқару бөлімшесінің басшысы                       М.М. Оспанов