Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!! Екібастұз қаласы және ауыл аймағы арқылы өтетін барлық электр жеткізу желілері жоғары вольтты кернеу қатысында

Павлодар облысы Қазақстан Республикасының барлық өңірлері мен Ресей Федерациясына жүйеаралық электр жеткізу желілері арқылы электр энергиясының тасымалы жүретін өндіруші қуат көзі болып табылады.

Екібастұз қаласының аумағы және Екібастұз өңірі бойынша «KEGOC» АҚ ұлттық компаниясына тиесілі, Екібастұз қаласын, «Екібастұзсу» МКК, Богатырь», «Восточный», «Майкубень» разрездерін, «Қазақстан Темір Жолы» тартқыш қосалқы станцияларын электр энергиясымен қамтамасыз ететін, кернеуі 220 кВ Ж-2307,2317, 2327, 2387, 2417, 2507 электр жеткізу желілері өтеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 қазандағы № 1436 қаулысымен бекітілген «1000В-тен жоғары электр тораптарын қорғау ережелеріне» сәйкес, кернеуі 1000В-тен жоғары электр тораптарының сақталуын қамтамасыз ету, пайдалануға қалыпты жағдай жасау, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде үзілістерге әкеп соқтыратын жоғары вольтті электр тораптарының бұзылуын болдырмау, сондай-ақ тұрғындар арасында жазатайым оқиғалардың болуына жол бермеу мақсатында Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар еңбеккерлеріне және қала мен ауыл тұрғындарына келесіні ескертеді:

         Екібастұз қаласының аумағы арқылы өтетін барлық 110-1150 кВ-тық жоғары вольтты электр жеткізу желілері кернеу қатысында. Электр жеткізу желілері авариялық ажыратылған жағдайда, соның ішінде сымның үзілуі, тіректердің құлауы электр энергиясының іркілісіне әкеп соқтырады және адамдардың өміріне қауіп төндіреді.

         110-1150 кВ-тық жоғары вольтты электр жеткізу желілерінің қорғау аймағы әуелік электр жеткізу желілерін бойлай, кернеу класына байланысты желінің екі жағы бойынша шеткі сымдардан 20-55 метр аралығындағы  тік жазықтықтармен шектелген жер телімі мен әуе кеңістігі түрінде орналастырылған.

 

110-1150 кВ-тық жоғары вольтты электр жеткізу желілерінің қорғау аймағында төмендегідей іс-әрекеттерді жүзеге асыруға

 

 ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

 

1. Желілер қарауында тұрған ұйымға жер пайдаланушылардың алдын ала жазбаша хабарламасынсыз мынадай ауыл шаруашылық егін жұмыстарын атқару: жер жырту, пішен жинап, тасу, жайылма суару.

2. Ауыл шаруашылық дақылдарын қолмен өңдеу, сондай-ақ автотрактор техникасының тоқтауы немесе тұруы.

3. Жалпы биіктігі жүкпен және жүксіз жол немесе жер бетінен 4,5 метрден астам машиналар мен механизмдердің өтуі.

4. Кез келген ғимараттар мен имараттарды құру, күрделі жөндеу, қайта құру немесе құлату.

5. Тау-кен, тиеп-түсiру, жер қазу, қопару, мелиорация жұмыстарын жүргізу, ағаштар мен бұталар отырғызу және шауып алу, дала қостарын орналастыру, мал қашасын жасау, сым қоршау орнату, ауыл шаруашылық дақылдарын суару.

6. Сымдарға, тіректерге бөгде заттар тастау және жақындату, тіректерге шығу.

7. Қоқыс тастайтын жер құру.

8. Жанғыш материалдар қоймалау, от жағу, қамыс пен шөпті жандыру.

9. Электр тораптары иелерінің арнайы ұйғарымынсыз 1150 кВ-тық әуе желілерінің маңында жұмыс жүргізу.

         Ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың кiнәсімен  электр жеткізу желiлерiн зақымдау кезінде, зиянды өтеу олардың есебінен авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын орындауға жұмсалатын  шығындар сметасына сәйкес, толық көлемде, белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

         Екібастұз қаласының аумағы арқылы өтетін барлық 110-1150 кВ-тық жоғары вольтты электр жеткізу желілері кернеу қатысында және олар тек Қазақстан Республикасы бойынша ғана емес, Ресей Федерациясына да электр энергиясын жеткізеді.

         Әуе желілерінің элементтерін (темірбетон тіректерді, анкерлік тіректерден металл бұрыштықтарын және т.б.) ұрлау – айыппұлға ғана емес, сонымен қатар бас бостандығынан айыру жазасына тартылатын ауыр қылмыс. Ұрлаушылардың «жеңіл» ақшаны қуалап жүріп, түрмеге түсу, өмірінен айырылу немесе ондаған, кейде тіпті жүздеген адамды электрсіз қалдыру қаупі бар.

         Осыған ұқсас оқиғалар санының артуын тоқтатуға құр энергетиктер мен  құқық қорғау органдарының күші жеткіліксіз. Сондықтан біз Екібастұз қаласының азаматтарына «түсті» бизнес тек қылмыстық жазаланып қана қоймай, өмір үшін де аса қауіпті екендігін ескертеміз.

Энергетика объектілерінен ұрлау халықтың және қала объектілерінің орнықты энергиямен жабдықталуына қауіп төндіретіндіктен және едәуір әлеуметтік зардаптарға алып келетіндіктен, азаматтық қоғам көзқарасымен қарасақ, мұндай іс-әрекеттер тек қана терроризм ретінде қаралуы мүмкін. 

 

ТЖ басқармасы