kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Ардагерлер ұйымының көркемөнерпаздары мен сәндік қолданбалы өнер ұжымдарының облыстық байқау гала- концерті

2014 жылдың 20 қарашасында  Павлодар қаласының Естай атындағы мәдениет сарайында «Қайран ерлер – қаһарман ардагерлер» атты республикалық фестиваль шеңберінде Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына арналған «Отты жылдарға бас иеміз» атты ардагерлер көркемөнерпаздары мен сәндік қолданбалы өнер ұжымдары гала-концерті өтті. Бұл  концертке аймақтың ауылдары мен Павлодар  облысының қалалары қатысты.

         Гала концерттің екінші турының қорытындысы бойынша біздің қаламыздан іріктеуден өткен «Достық үйінің» әншісі Таранов Анатолий, «Қоянды» ауылының ардагерлер хоры, «Ритм» үлгілі хореографиялық ансамблі, Каримова Гауһар жетекшілік ететін фольклорлы–этнографиялық «Қамажай» ансамблі және Р. Жакупова, Ж.Н. Наурызбаева, С.П. Пантелеев, А.Н. Слепушенко, В.Н. Норкина қолөнер шеберлерінің жұмыстары қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар марапатталды.  Екібастұз қаласының атынан барған Екібастұз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Анатолий Медведевке алғыс хат пен 50 мың теңге мөлшерінде ынталандыру сыйлығы тапсырылды.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза