kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

14ж.17.11. бастап 14ж.24.11. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

  1. 20 сағ. 56 мин. екі адам жоғалып кеткендігі, екеуі де шаруашылық қожалықтың жұмыскерлері екендігі жөнінде хабарлаған ТЖБ кезекшісінен қоңырау түсті. Олар 2014 жылдың 17 қараша күні Айтен бөлімшесіне көмірмен тиеулі Камаз автокөлігінде бара жатқан. Кентке жетпей жатып, қателесіп қырдағы басқа жолға шығып кеткен және күртік қарда малтығып қалған. Өздіктерінен шыға алмаған және осы аумақта ұялы байланыс болмағандықтан ешкімнен көмек сұрай алмаған. 2014ж.17.11. 20 сағат 00 мин. жүргізушілердің біреуі Екібастұз қ. тұрғыны кентке көмек сұрауға баруды шешкен, 2014ж.18.11. 8.00 сағатта тағы бір жүргізуші Екібастұз қ. тұрғыны кетіп қалған, машинада үшінші жүргізуші қалған. Елді мекенге жетпегендіктен, алғашқы екеуінің қайда екені белгісіз. Жоғалғандарды іздеуге құтқарушылар «ТРЭКОЛ» жолсыз жүргіш автокөлігінде шықты. Құтқарушылар жоғалған жүргізушілердің бірін Айтен бөлімшесінен шамамен 15 км. қашықтықтан тапты. Ер адам есі сау күйінде, тоңазыған. Жылы  шай беріп және құрғақ киім киіндіріп оны үйіне жеткізді. Жоғалып кеткен адамға жолда психологиялық көмек көрсетілді. Екінші жоғалып кеткен адамды іздеу жүргізіліп жатыр.     
  2. 11 сағ. 50 мин. аз уақытқа пәтерінен шыққандығы, ал келген кезде 1,5 жастағы баласы сыртқы есікті ішінен ысырмаға жауып алғандықтан кілтімен есікті аша алмағандығы жөнінде хабарлған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Зардап шеккендер жоқ. 
  3. 22 сағ. 37 мин. пәтерден шыққан уақытта оның артынан сыртқы есік жабылып қалғандықтан, ал кілт пәтердің ішінде қалып қойғандықтан жалғыз тұратын, инсульттан кейін жүре алмайтын күтіп жүрген көрші әйелдің пәтеріне кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, әйел пәтерде болды.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

4-құтқару бөлімшесі басшысының м.а.                       Б.М. Жандарбеков

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза