Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ЕЖЭО-сының 2015-2019 жылдарға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс -шаралар жоспарының жобасы бойынша жария тыңдауының хаттамасы

Өткізілген күні: 2014 жылғы 14 қараша

Өткізілген жері:  Екібастұз қ, Қонаев көш., 105, ЕЖЭО мәжіліс залы

 

Жария тыңдауын ұйымдастырған:  Екібастұз қаласының әкімдігі

 

Жария тыңдауын өткізу туралы ақпарат мына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа жеткізілді:  «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа самалы» газеттерінің сандарында мемелекеттік және орыс тілдерінде 23.10.2014 ж. жария тыңдауының өткізілетін күні мен орны, сондай-ақ 2015-2019 жылдарға ЕЖЭО ҚОҚ бойынша іс-шаралар жоспарының жобасын сұратуға болатын bruch_tanja@mail.ru электронды мекенжайы көрсетілген хабарландыру жарияланды.

Пайдаланылған материалдар:

  1. ЕЖЭО бойынша 2015-2019 жылдарға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсыну.
  2. Компьютерлі проектор.

 

Қатысқандар: «Екібастұз қ. әкімдігінің ТҮКШБ, ЖКжАЖ бөлімі» Дүйсекенова С.К., ҚР ЭМ Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Павлодар облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Сүлейменов С.С., «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ЕЖЭО директоры Вебер В.К., ЕЖЭО бас инженері Захаров Д.А., ЕЖЭО персоналы – 15 адам, жұртшылық өкілдері - 4 адам (қатысушылардың тізімі қоса берілген).

 

Шақырылғандардың санынан қатыспағандар:

- Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының өкілдері (2014 ж. 28 қазандағы № 9-7160 хабарлама, апарушы арқылы жолданды). 10.11.2014ж. №12/4-07/1078 хатпен Іс-шаралар жоспарының материалдарымен мамандар танысқаны, ескертулер мен ұсыныстар жоқ екендігі хабарланды.

 

Сөз сөйлегендер:

Брух Т.Ю. – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші инженер, жария тыңдауына қатысушыларды қарсы алып, жария тыңдауын ашу үшін жергілікті атқарушы органның өкілі «Екібастұз қ. әкімдігінің ТҮКШБ, ЖКжАЖ бөлімі» С.К.Дүйсекеноваға сөз берді.

 

Дуйсекенова С.К. күн тәртібін хабарлады.

 

Жария тыңдауының күн тәртібі:

  1. Жария тыңдауының төрағасын және хатшысын сайлау.
  2. ЕЖЭО-ның 2015-2019 жылдарға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша баяндама.
  3. Жобаны талқылау, баяндамашыға сұрақ беру, сұрақтарға жауап.

 

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша ӨТБ бастығының орынбасары Кажаев О.Л. сөз алып,

жария тыңдауының төрағасы етіп ЕЖЭО инженері Д.А. Захаровты, хатшысы етіп - А.Б Сламбекованы сайлау жөнінде ұсыныс жасады.

Дауыс берудің нәтижесі бойынша жария тыңдауының төрағасы болып Захаров Д.А., хатшысы болып Сламбекова А.Б. бірауыздан сайланды.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Захаров Д.А. баяндама жасау үшін  ҚОҚ жөніндегі жетекші инженер  Т.Ю Брухқа сөз берді.

Брух Т.Ю. – «ЕЖЭО бойынша 2015-2019 жылдарға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары» жобасы бойынша баяндама жасады (баяндаманың материалдары хаттамаға қоса берілген).

Баяндамадан кейін.

 

Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері:

 

Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

1.6-тармағы бойынша. Қазандықтар режимін қолдау бойынша жұмыстардың орындалуы. Бұл орасан зор ақша 1 218 млн. теңге, қоршаған ортаны қорғауға қатысты, атап айтқанда, неге жұмсалатын болады? Дағдарыс жағдайында және қазіргі сіздердегі экономикалық ахуал өте нашар болып тұрғанда. Осы шығындар өзін өзі ақтай ма, осы тармақ бойынша бірнеше іс-шараны мысалға келтіріңізші. Мына тармақты неге алып тастадыңыздар?

Жауап: Вебер В.К., ЕЖЭО директоры

Бұл шығындар негізгі жабдықты барлық қайта жаңартуды, модернизациялауды қамтитын «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-тың инвестициялық бағдарламасына салынған. Біз Іс-шаралар жоспарына 5 жылға түзетулер енгіздік, және осы бөлімде ЕЖЭО-ның күлтұтқыш және асприациялық қондырғыларын жөндеу бойынша табиғат қорғау іс-шараларын қалдырдық.

Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Сумен жабдықтаудың қанша ашық көздері бар, табиғи көзден қанша су аласыздар, және айналымдық сумен жабдықтау бар ма?

Жауап: Березская И.П., ӨТБ жетекші инженері 

Бізде ашық су көздері жоқ, ЕЖЭО-ны сумен жабдықтау көзі «Горводоканал» МҚК болып табылады,  бол шарттық негізде станцияның шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне және техникалық, технологиялық қажеттіліктерге және механизмдерді салқындатуға ауыз су береді. Орташа алғанда, біз техникалық судың 4 млн. м3 лимитінде 3 500 мың текше метр пайдаланамыз. Күлді жою үшін  сумен жабдықтаудың айналымдық жүйесі бар гидрокұлжою жүйесі қарастырылған. Күл шлактан және күлден тұндырылған ағартылған су қайтадан станцияға жіберіледі. Ағартылған су циклонодарды, скрубберлерді және Вентури КТҚ құбырларын суландыруға пайдаланылады, күл мен шлакті күл үйіндісіне гидротасымалдауға, аспирациялық қондырғыларды суландыруға, цехтарды гидрожинауға пайдаланылады.

 

Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

6.1-тармағы бойынша аумақты көгалдандыру және аббаттандыруға шығатын шығын 5 жылға  50 000 теңгені құрайды, яғни жылына 10 000 теңгеден 800 м2 жұмсалады, бұл 5 ағашқа ма әлде 5м2 көгал алаңына ма? Сіздер барлығын отырғыздыңыздар ма, барлық газондар салынған ба? Неге аз ақша салынған?  5 ағаш дегеніңіз бұл 20 минуттық жұмыс, осымен болды ма?

Жауап: Вебер В.К., ЕЖЭО директоры

Көгалдандыру бойынша іс-шаралар жоспарына тұқымдық материалды сатып алуға ғана ақша енгізілген. Нақты жұмсалатын шығын көбірек, бізде екі көгалдандырушы жұмыскер жұмыс істейді, олардың жалақысы айына 10 000 теңгеден әдәуір көбірек, және олар газондар мен гүлзарларды жайғастырады. Іс-шаралар жоспарында отырғызу материалы енгізілмеген, ЕЖЭО өнеркәсіптік аалаңында отырғызылған ағаштар, үйеңкі, қарағаш өсіп тұрғандықтан, оларды біз сатып алмаймыз. Біз көшеттер сатып алып, оларды отырғызамыз. Сондай-ақ әрбір цехқа өнеркәсіптік алаңның және СҚА аумағы бөлініп бекітілген, оларда апта сайын таза жұмалықтар өткізіліп тұрады.

Ұсыныс: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Барлық СҚА-ның 30%-на ағаштар отырғызылып, көгалдандырылуы тиіс, осы нормаларды ұстануды сұраймын. Сіздер маталл сынығын тапсырып қайта өңдегенде жақсы үнемдейсіздер. Осы ақшаны алып СҚА аумағын көгалдандыруға жұмсаңыздар.

Жауап: Вебер В.К., ЕЖЭО директоры

Сіздің ұсыныңызды ескереміз.

 

Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Қандай мамандандырылған полигондармен жұмыс жасайсыздар?

Жауап: Брух Т.Ю., ҚОҚ жөніндегі жетекші инженер  

Шарттық негізде «Полигон» ШЖҚ КМК-мен, Екібастұз қ., осыған жасыл тізімнің қадықтары шығарылады.

Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Қалалық  полигон барлық бағыттар бойынша пайдаға жарата  ма?

Жауап: Брух Т.Ю., ҚОҚ жөніндегі жетекші инженер  

Қалалық полигонға біз жасыл тізімнің қалдықтарын ғана тапсырамыз, ал кәріптас қалдықтарын сондай-ақ шарт негізінде Павлодар қаласындағы «Казахстантрактор» ӨБ ЖШС-ға және «Резон» ЖШС-ға шығарамыз.

Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Сертификаттар алуға қатысты 10.8 -тармақ, 2015ж., 2017 жылдарға 600 мың теңгеден. Неге 2017 жылдан кейін бірде бір тиын жоқ? Сіздер әрі қарай сертификат алуды жоспарламайсыздар ма?

Жауап: Брух Т.Ю., ҚОҚ жөніндегі жетекші инженер  

Іс-шараларға толықтырулар енгізілген, мұнда сыртқы, соның ішінде ресертификациялық аудит  жүргізу жолымен халықаралық стандартқа сәйкестікті жыл сайынғы растау жоспарланады. Шығындардың сомасы 5 жылға 3 330 мың теңгені құрайды.

Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Түсті және қара металды жинау және қайта өңдеу жылына 418,865 тонна көлемде жоспарланған. Мұндағы экономикалық тиімділік орасан зор. Металл сынығын тапсырудан сіздер үшін қандай тиімділік бар?

Жауап: Вебер В.К., ЕЖЭО директоры

Біз «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-тың құрамына кіретіндіктен, металл сынықтарын тапсырудан түсетін барлық табыс «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-тың есебінде сақталады. Өкінішке орай, ЕЖЭО-ның барлық шығындарын есепке алғанда, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жыл сайын 200 млн. теңгеден астам шығын шегеді. Экономикалық пайда бағытталатын өзге де түрлі іс-шаралар бар Мысалы, №2 ст. турбоагрегатының қондырғысы. ЕЖЭО-ның негізгі қызметі залалды. Электр энергиясын біз өз қажеттіліктерімізге ғана өндіреміз.

Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Залалдарды сіздер қандай мерзімнің ішінде қысқартасыздар? Турбоагрегатты орнатқаннан кейін қанша жылдың ішінде төменге 0-ге қарай құлдырайсыздар?

Жауап: Вебер В.К., ЕЖЭО директоры

Мұны орындау өте күрделі болады, бірақ болашақта экономикалық жағдайымызды жақсартамыз деп сенеміз.

Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Іс-шаралар жоспарына газет-журналға басылу неге енгізілмеген? Халық экологиялық басылымдарды оқып отыруы үшін, мысалы алсақ, «Экологический вестник» сияқты журналды неге жаздырмайсыздар?

Жауап: Брух Т.Ю., ҚОҚ жөніндегі жетекші инженер  

 «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ «Энергетик» атты өзінің меншікті  газетін шығарады, апта сайынғы «Литер» атты республикалық қоғамдық-саяси газеті жаздырады. Сондай-ақ, «Экология производства» атты ғылыми-практикалық журналын жазып алып отырады.

Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

8.1 –тармаққа радиологиялық бақылау жүргізуге 458 мың теңге салынған, неге қажетіне қарай орындалатын болады? Осыны түсініңіздерші.

Жауап: Брух Т.Ю., ҚОҚ жөніндегі жетекші инженер  

Радиологиялық бақылау металл сынығын тапсыру кезінде жүргізіледі. Бұл жылына бір не екі рет болуы мүмкін.

Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Ғылыми-зерттеу жұмыстарынан қандай тиімділік бар? Осы жылы қандай тиімділік болды? Ғылымдармен шарт болды ма? Жалпы EXPO 2017 мейрамына дайындық қалай? Сіздерді жуыр арада жауып тастайды және жаңартылып отыратын энергия көздерін енгізетін болады деп қай жерде айтылған?

Жауап: Брух Т.Ю., ҚОҚ жөніндегі жетекші инженер  

Осы бөлімге кіргізілген барлық іс-шаралар бұл ҚР ЭК талаптарын сақтау. Барлық кезең бойы біз қоршаған ортаның бақылауын жүргізіп отырмыз. Биылғы жылы ЕЖЭО күл үйіндісінің ауданындағы жер асты суларының онымен байланысты ластануын анықтау бойынша ғылыми жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ жыл сайын қоршаған орта компоненттерінің ластану деңгейін бағалау бойынша жұмыс жүргізіледі. КазНИПИЭнергопром институтымен «Тұз көлінің арнасында №2 күл үйіндісінің секциясын салу» жұмыс жобасы әзірленді.

Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Шлакты қайта өңдеу бойынша іс-шаралар жүргізілетін бола ма?

Жауап: Вебер В.К., ЕЖЭО директоры

Бірде -бір кәсіпорын өздігімен күлді қайта өңдемейді. Шлакты құрылыста, жол құрылысында, металлургияда пайдалануға болатынын біз білеміз, өйткені күлдің құрамында көптеген түрлі металдар бар. Қайта өңдеуге біз 1000 тонна күл тапсырдық делік, бұл негізгі проблеманы шешпейді, одан күл шлак азаймайды. Бұл проблема мемлекет деңгейінде шешілуі тиіс.

Сұрақ: Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Директор ретінде Сізге соңғы сұрақ, 1.6-тармақты неге алып тастадыңыздар, соған жауап беріңізші? Бұл техникалық қате ме әлде сіздерге бұл соманы кесіп тастады ма?

Жауап: Вебер В.К., ЕЖЭО директоры

Бұрын айтылғандай, бұл сома бюджетке салынған және негізгі және қосалқы жабдықты жөндеу кестесін орындау шамасына қарай игерілетін болады.

Сұрақ: Оразалинов Е.И, «Мир Экологии» ҚБ

Неге сіздерде 2-ЖЭО, 3-ЖЭО-дағыдай стационарлық газ талдау жүйесі орнатылмаған? 

Ұсыныс: Оразалинов Е.И,  «Мир Экологии» ҚБ

Павлодар облысының бірде -бір кәсіпорнында газ талдау жабдығы жоқ, тозаң талдауға бар, ал тотықтарды ешкім есепке алмайды. Тотық деген - бұл рак ауруы. Жүктеме ұлғайғанда, қосымша тазарту құрылғылары орнатылуы тиіс. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бұған қаражат үнемдейді. Банк жанындағы құрылтайшы Астана 3-ЖЭО-сына бүкіл Европа бойынша жақсы тазарту құрылғысын іздеп отыр. Павлодар облысында да неге осындай құрылғылар орнатпасқа?

Біздің талабымыз, газ тазарту жабдығы орнатылсын.

Әрі қарай. Фекалий бойынша бақылау кезінде атмосфералық ауаның жай-күйін бақылауды жүргізгенде, кәсіпорын қаланың экологиясына қалай әсер ететіндігі туралы мәлімет алып отыру үшін жұртшылықты шақырып немесе хабарлап отыру керек.

Әрі қарай. Көмірдің өзінің радиациялық фоны бар, осыған байланысты жылына тым болғанда 2 рет күл үйіндісін радилогиялық зерттеуді жүргізіп отыру керек. Не үшін, өндіріс және тұтыну қалдықтарының уытты заттарының қоршаған ортаны ластау деңгейін бағалау үшін зерттеулер жүргізуден қандай тиімділік болады? Осы тармақты қайта қарап шығыңыздар. Бұл ақшаны көгалдандыруға жұмсауға болады.

 

Жауап: Брух Т.Ю., ҚОҚ жөніндегі жетекші инженер  

Жұмыстардың мұндай түрлерін орындау қажеттілігі қатарланатын қалдықтардың жер асты суларына, топырақ қабатына және атмосфералық ауаға әсер ету деңгейін есепе ала отырып, қоршаған орта объектілерінің ластау деңгейіне жыл сайынғы экологиялық бақылау және бағалау жүргізуді көздейтін ҚР ЭК талаптарымен айқындалады. Сондай-ақ Жеке және заңды тұлғалар әзірлеген қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері жобаларын және оларды Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органда бекіту Ережелерін бекіту туралы ҚР ҚОҚМ 2006 жылғы 23 мамырдағы  N 163-П бұйрығының 16-т. негізінде жыл сайын қоршаған ортаның уытты заттармен ластану деңгейін бағалау орындалады.

 

Жауап: Кандауров В.В.,  ӨТБ ӨБ ӨТБ жетекші инженер-жылу технигі  

№ 6,9 станциялардағы 10 қазандық агрегаттың екеуінде газ талдау жабдығы орнатылған. Қазіргі уақытта азот тотығын басу жөніндегі технологиялар бар. Бұл проблема отын жағу ұйымымен, атап айтқанда, ауа берудің көп деңгейлі жүйесін орнатумен шешілуде, бұл азот тотығын 400 мг/м3 - ке дейін төмендетеді. Күкірт тотығын Тұз көлінің тұзды суын пайдаланып басамыз. Басу 15 -тен 50%-ға дейін құрайды. Жабдықты жөндеу және модернизациялау жоспары бойынша келешекте қалған қазандық агрегаттарға газ талдау жабдығын орнату жоспарланған.

 

Жауап: Вебер В.К., ЕЖЭО директоры

Біз сіздердің барлық ескертулер мен ұсыныстарыңызды ескеретін боламыз. Оларды жария тыңдау хаттамасына енгіземіз.

Егер де қоршаған ортаға келетін зиянды азайту бойынша іс-шараларды орындау үшін ҚО-ға эмиссиялар үшін төленген жыл сайынғы экологиялық төлемдердің сомасынан тым болғанда 50% қайтарылып отырса, біз табиғат қорғау іс-шараларын орындауға көбірек ақша салатын едік.

Павленко Ю.Ф., «Павлодар облысы тұтынушыларының одағы» ҚБ

Біз Е.И. Оразалинов екеуіміз облыс әкімі жанындағы Экология жөніндегі кеңестің мүшесіміз, және де табиғат қорғау іс-шараларын орындау үшін экологиялық төлемдердің қаражатын қайтару жөніндегі мәселені міндетті түрде көтеретін боламыз. Екібастұздың арқасында біз артық үнемделген 30% электр энергиясын иеленеміз, ол бізге келешекте өте керек болады. Сіздер жақсы өмір сүруге лайықсыздар.

Әрі қарай, аумақты көгалдандыруға қатысты, соманы тым болғанда жылына 25 000 теңгеге дейін ұлғайтыңыздар. «Экологический вестник» газетін жаздырып отырыңыздар, онда көптеген қызықты нормативтік құжаттар бар. Экология жөніндегі тақырыпқа қатысты, қоғамдық ұйымдарды шақырып отырыңыздар. Біз сіздерге әрқашан келуге даярмыз, біздің сіздерге айтарымыз көп, жасыл экономика жөнінде лекциялар да өткізіп береміз. Сондай-ақ, біздің ұсынысымыз – Экология бойынша жұмыстар мен қызметтердің орындалуын, сәйкесінше ақшалай қаражаттың жұмсалуын бақылау жөнінде қоғамдық комиссия құру.

Әрі қарай.  EXPO 2017 үшін жақсы іс тындыру туралы ұсыныс жасаймыз. Назарларыңыз үшін рахмет.

 

Төраға Захаров Д.А.: (талқылаудан кейін) Қатысқандарыңыз үшін рахмет!

Жария тыңдауының қорытындысын жасауға рұқсат етіңіздер. Жария тыңдау өткізілді деп санаймын. Жария тыңдауының нәтижесі жасалған ескертулер мен бүгінгі талқылаудан кейін түскен ұсыныстар ескеріліп, Хаттамамен ресімделеді. Сондай-ақ, жария тыңдауының хаттамасы жергілікті атқарушы органның интернет –ресурсында тыңдау өткізілген күннен соң Жария тыңдауын өткізу ережесінде көзделген мерзімде жарияланатынын хабарлаймын.

Құрметті жұртшылық, сіздер Жария тыңдау хаттамасының мазмұны бойынша өздеріңіздің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды 7 күнтізбелік күннің ішінде беруге құқылысыздар.

 

Жария тыңдауының төрағасы   ______________________________ Захаров Д.А.

 

Жария тыңдауының хатшысы _________________________________ Сламбекова А.Б.

 

Қосымша:

 

  1. Жария тыңдауын өткізу туралы газетке берілген хабарландырудың көшірмесі;
  2. Жария тыңдауының материалдары (баяндамалар);
  3. Жария тыңдауға қатысушылардың тізімі.