Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Кеме экипажының минималды құрамы туралы куәлік беру

           Сізге кеме үстінде теңіз арқылы саяхатқа шығуға сирек кездесетін жағдай туып қалды дейік. Кеменің үстіне мінбей тұрып, екі жағдайға, сізде теңіз ауруы мен кеме капитанының қолында Кеме экипажының минималды құрамы туралы куәлігі бар екендігіне көзіңіз жетуі керек. Осындай құжаттың болуы кеме үстінде сіздің қауіпсіздігіңізге, кеме мен басқа жолаушылардың қауіпсіздігіне, мүлік пен жүктің сақталуына, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға жауап беретін адамдардың бар екендігін куәландырады. 

    Мемлекеттік қызметтердің барлық тізімдерінің арасында өте сирек кездесетін қызмет болса да, бұл қызмет көрсетіледі.  
        ХҚКО арқылы Кеме экипажының минималды құрамы туралы куәлігін алу үшін өтініш толтыру қажет, онда  тұтынушының ТАӘ мен мекенжайы, кеменің атауы мен жобасы, кеменің жүзу ауданы және экипажсыз қолданылмайтын өзбетінше жүрмейтін кемелерге қызмет ету үшін бекітілген адамдардың саны мен кеменің күш құрылғыларының қуаттылығы көрсетіледі.    
        Сонымен қатар сіздің құжаттарыңызды қабылдайтын ХҚКО инспекторына экипаждың бекітілген штаттық кестесінің көшірмесін ұсыну керек. 

      «Кеме экипажының минималды құрамы туралы куәлігін беру» мемлекеттік қызметі автоматтандырылған, тегін, дайын құжат үшін ХҚКО жүгінген  күннен бастап 7 жұмыс күнінен кейін келуіңізге  болады.