kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру

1. «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдері (басқармалары) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.

 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
 көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;
ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмі аяқталғанға дейiн бір күн қалғанда ұсынады;
 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
 Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште тіркеу кодын көрсете отырып, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналған (егер оларды алу қажет болса) сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттары бар анықтама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
 Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетiледi.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза