kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру

«Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық көші-қон полициясының бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттар қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – орталық) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
«электрондық үкіметтің» www.e.egov.kz веб порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын орталыққа тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 15 (он бес) минуттан аспайды;
            Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер және Әділет министрліктерінің электрондық цифрлық қолтаңбалары қойылған электрондық түрдегі мекенжай анықтамасын беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза