kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Айда: хат

Сәлеметсіз бе? Сізге Бесқауға ауылының тұрғындары атынан хат жолдап отырмыз. Бізге биыл жол салынды. Бірақ толық емес.Біздің жолды білесіз өте жаман. Салынған жолдың түрі анау. Біз қыс бойы қаламен қалай байланыс жасаймыз. Әкім мүлде жұмыс жасамайды.Толық жасалмаған жолды қалай қабылдады. Сіздер келіп есеп бергенде бөтен сұрақ ештеме қоймандар деп алдын-ала жиналыс ашып ескерту жасап қояды.Сіздер келгенше барлық жұмысты істеп қойдық деп есеп ті өтірік береді. Халықпен ешқандай жұмыс жүргізбейді.Бюджеттен осындай ақша бөлінді осы жасалды деп айтады ауылда еш өзгеріс жоқ.Тіпті ауылда да болмайды.Сондықтан да Біз әкімнің жұмысына қанағат емеспіз. Әкім ауылдың қамын ойламайды. Суды сатып аламыз 1500 теңге. Су ауыл ішінде алыста да емес. Халықтың пайдасына берілген тракторды тек өз пайдаларына ғана ұстап тұр. Қоқыс артсақ 1500-2000 теңге сұрайды. Трактор жүргізуші өзінің меншіктігі сияқты етіп ұстайды.Жеке шофер бар дейді бірақ осының өзі өтірік, әкімдерге берген көлікті де өз пайдасына игілігіне жұмсайды.Бізге ауыл әкімін ауыстырып беріңіз. Бізге мұндай әкім керек емес. Халықпен тіл табыса алмайды.

Құрметті  Аида!

 

Сіздің  Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына жазған электрондық өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

Ұзындығы 40 км болатын Екібастұз – Бесқауға аудандық маңызы бар автомобиль жолын күрделі  жөндеуге мемлекеттік сараптаманың оң шешімін алған жобалық-сметалық құжаттамасы бар.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде осы жоба бойынша  10,2 км ұзындығымен Екібастұз – Бесқауға автомобиль жолына күрделі  жөндеу жүргізілді. Автомобиль  жолының қалған бөлігіне  бюджеттік қаражаттың  бөлінуі 2015 жылға жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылғы қараша айының ортасында «Тамыр» ЖШС мердігерлік ұйымымен жол жабындысын грейдерлеу және таптап тегістеу жұмыстары орындалған.

Қазіргі уақытта жол жабындысының жағдайы тұрақтандырылды, жол жүру қозғалысы қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, барлық анықталған ақаулар кепілдік міндеттемелер аясында мердігерлік ұйымымен жойылатын болады.

Бұдан басқа, Екібастұз – Бесқауға бағыты бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолын ұстау қызметін атқаратын «Ардабил» ЖШС мердігерлік ұйымымен жөндеп тегістеу мен ірі және жұмыр тастарды  жинау жұмыстары өндірілген.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес Сіздің қабылданған шешімге арыздануға құқығыңыз бар.

 

«Екібастұз қаласы

әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖБ»

  ММ басшысы                                                                    Қ. Қасенов

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза