Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.11.11. бастап 14ж.17.11. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 10 сағ. 07 мин. 93 жастағы әкесінің қалын білуге келіп, сыртқы есік ішінен ысырмаға жабық тұрғандықтан, өз кілтімен есікті аша алмағандығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Ер адам есік қағысына және телефон қоңырауларына жауап бермейді. Құтқарушылар, оқиға орына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, ер адам пәтерде болды. Зардап шеккендер жоқ.
  2. 21 сағ. 27 мин. сыртқы есік ішінен ысырмаға жабық тұрғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, ал пәтерде 2 жасар баласы бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.  
  3. 21 сағ. 34 мин. төртінші және одан жоғары қабаттан бастап подъезде өте қатты газдың иісі шығып тұрғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, қабаттарды тексеріп және осы подъездің тұрғындарынан сұрастырып шықты. Газ көзін таппады.  
  4. 09 сағ. 08 мин. жалғыз тұратын зейнеткер жастағы көршісі өз пәтерінде құлап қалғандықтан сыртқы есікті аша алмайтындығы және қабырғаны қағып көмек сұрап жатқандығы туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, үйдің төбесінен альпинистік жабдықтың көмегімен бесінші қабаттың балконына түсті және ішінен есікті ашты. Әжейдің қан қысымы көтеріліп кеткендіктен, ол орнынан тұра алмаған, содан соң жедел жәрдемді шақырып, жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.  

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

1-құтқару бөлімшесінің басшысы                         Смирнов С.Ю.