Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Достық Үйінің әншісі, «Родник» триосының мүшесі Анатолий Тарановтың 75–жылдық мерейтойы

2014 жылдың 15 қараша күні Достық Үйінің әншісі, «Родник» триосының мүшесі Анатолий Тарановтың 75–жылдық мерейтойына арналған концерт өтті.

Анатолий Таранов жыл сайын өзінің шығармашылық концертін Достық Үйінде өткізіп тұрады. Биылғы жылы концерт оның мерейтойына байланысты өтті. Таранов «Світанок» украин ЭМБ мүшесі болған, кейін  Анна Явцева, Лилия Шапко және Анатолий Таранов «Родник» атты трио құрып қалалық мәдени іс–шараларға қатысып жүр. А.Тарановтың репертуары өте бай, олар - «Берега», «Все цветы», «Париж,Париж», «Белая вишня» тағы басқа әндер. «Родник» триосы грузин, белорус, украин, қазақ, орыс, поляк халықтарының әндерін орындап жүр.

Бұл күні Достық Үйінің директоры Макарчук Л.Н. А.Тарановты құттықтап Достық Үйінің вокалдық ансамблі  Ш. Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнін орындап берді. Поляк этно-мәдение бірлестіктің жастар қанаты «Дженьки чи лято» әнін А.Тарановқа арнады.