Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласында Қазақстан халқының бірлігі мерекесі тойланды

Жариялау күні: 01.05.2013 ж.

Екібастұз қаласындағы «Қазақстан» кинотеатры орналасқан алаңда Достық үйінің этно-мәдени бірлестіктерінің қатысумен мерекелік «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем Қазақстан» фестивалі өтті.

Қаланың тұрғындары мен қонақтарын Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк құттықтады.

- Бұл мейрам ұлтаралық өзара түсінушіліктің, тәуелсіз және өркениетті елді құру ортақ идеясымен біріккен көпұлтты халқымыздың ынтымағы мен достығының белгісі ,- деді қала басшысы.

Сөз соңында Александр Федорович екібастұздықтарға зор денсаулық, рухани сергектік, сарқылмас күш-қуат, сәттілік пен құт-береке тіледі.    

Мереке «Достық - біздің тірегіміз» атты қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама мен «Достық» велоспорт-критериум жарысымен жалғасты.