Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екібастұз қаласы Байет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің cыбайлас жемқорлықтың алды-алу және қарсы күрес бағытында қабылданып жатқан іс-шаралар туралы

     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы   31 наурыздағы № 308 «Қазақстан Республикасындағы  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  жөніндегі  2011-2015 жылдарға арналған  салалық бағдарламаны бекіту туралы»      қаулысын орындау мақсатында, Байет ауылдық округі  әкімімен  2014 жылға  «Екібастұз қаласы Байет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл  бойынша  іс-шаралар жоспары  құрастырылып бекітілді. 

    Байет ауылдық округі әкімі аппараты  өз қызметін мемлекеттік мекемесінің  ережесіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы  заңңамаларына сәйкес  атқарылады.  Жеке және заңды  тұлғалардың  жазбаша және ауызша өтініштерін  қарау жұмысы  Қазақстан  Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарындағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»  № 221 Заңына сәйкес  жүзеге  асырылады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тудыруға ықпал еткен себептер мен жағдайлардың алдын алу және жою, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің және халықтың біліктілік деңгейлерін арттыру, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау ауыл әкімі аппараты қызметінің  басым бағыты  болып табылады. 

Ауыл әкімі аппаратының ғимаратында  мемлекеттік қызметшілердің              Ар -намыс кодексі мен «Байет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы ақпарат ілінген стенд, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен ұсыныстарына арналған жәшік орнатылған.

         Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер туралы» Заңына сәйкес әкім аппаратының ғимаратында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Мемлекеттік әнұранының мәтіні бар стенд ілінген, сондай-ақ сенім телефоны жұмыс істейді. 

     Ауызша және жазбаша өтініштердің талдауы, 2014 жылы әкім аппаратында  жеке және заңды тұлғалардан жазбаша 9 өтініш түскен. Ауызша өтініш түскен жоқ. Оның ішінде: 8 - жер мәселесі бойынша (жер бөлу жөнінде),  1 –  Бос жүрген иттерді ұстау туралы.

       «Екібастұз қаласы Байет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес 1  мемлекеттік   қызмет көрсетіледі. Бүгінгі күнде  Жеке қосалқы  шаруашылығының  болуы туралы – 293 анықтама берілді.

     2014 жылы 9 ай ішінде «Екібастұз қаласы  Байет ауылдық округі әкімі аппаратының» мемлекеттік мекемесінде әкімшілік мемлекеттік  бос лауазымдарға 2 конкурс  өткізілді:  бас маман - 2. Конкурс арқылы 1 бас маман қабылданды

      Мемлекеттік сатып алуды өткізу  «Мемлекеттік сатып алу туралы»  Заңының негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып-алулар үрдісінің айқындығы мемлекеттік сатып алулар жоспары, алдағы сатып алулар туралы хабарландырулар, хаттамаларды мемлекеттік сатып алулар веб-порталына орналастырумен іске асырылады. 2014 жылы Байет ауылдық округі әкімі аппараты 9  бюджеттік бағдарламаның  әкімшілігі болып табылады.

     2014 жылдың 1 қарашасына 40 мемлекеттік сатып алулар өткізілді, оның ішінде:  заңның    нормаларын  қолданбай – 33,  бір дереккөзден-1, электрондық конкурс -1, баға ұсыныстарын сұрау салу арқылы -6.

     Байет ауылы жолын жөндеуге  электрондық конкурс өткізілді, оған  бюджеттен 11536,0 мың тенге бөлінді. Бағалы ұсыныстар ойнатылып Байет ауылына аялдама, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау қызметін көрсету, Байет ауылы көпіріне ағымдағы жөндеу, жанармай және әкімшілік қоршауына 2884,7 тенге жұмсалды. Қалалық бюджет есебінен заң нормасы шеңберінен аспайтын 2498,2 тенгенің қаржысы игерілді.

 Мемлекеттік қызметкерлер ішінде ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылғандар жоқ, әкімшілік аппараты жағынан кәсіпкерлердің жұмысына араласу және мемлекеттік қызметшілердің коммерциялық құрылымдарының мүдделерін лоббилендіру фактілері анықталмаған.

               Қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық  құқық бұзышылықты алдын алу және болдырмау, азаматтық қоғамның мемлекеттік билікке сенімділік деңгейін арттыру, қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасты кеңейту және тереңдету мақсатымен толғандыратын мәселелер талқыланатын, тұрғындармен  кездесулер өткізіледі,  онда атқарылған жұмыс бойынша халық таныстарылады және оларды шешу жолдары анықталады.

        Сыбайлас жемқорлықты болдырмау ескертулері  және алдын-алу жұмысы тұрақты  бақылауда.