kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қала басшысы әкімдік мәжілісін өткізді

          Ағымдағы жылдың 14 қарашасында қала әкімі  Александр Вербняктың  төрағалық етуімен  кезекті әкімдік отырысы өткізілді.

Ветеринария бөлімінің басшысы Тілеубай Сәдуақасовтың мәлімдеуінше, 2014 жылы республикалық бюджеттен 011 «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 41 млн. аса теңге бөлінді, оған серологиялық зерттеу, барлық мал түрлерін алдын–ала егу шаралары өткізілді. Жоспар бойынша 9 ай ішінде 22 мыңнан  аса бас ірі қара мал бруцеллезге зерттелді, оның   1,6 % жұғу құрайды. Осыған орай «ВетДез» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал анықталған ауылдық округтерде мәжбүрлі және алдын ала зарарсыздандыру жүргізді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы күрес бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы Екібастұз қаласы Бәйет ауылдық округінің әкімі Амантай Докторхан есеп берді.

Екібастұз өңірі халқын әлеуметтік қолдау шаралары мәселесі толық талқыланды. Жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Тарасова Татьянаның айтуынша, бөлімде халықты әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту бойынша 15 бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Жүзеге асыру үшін биыл жергілікті және республикалық бюджеттен 500,0 млн. теңге бөлінді. Осы бағдарламалар аясында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы мен төленуі жүзеге асырылуда, балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу, жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, мүгедектерді бейімдеу және халықты жұмыспен қамту бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Биылғы жылдың 10 айында әлеуметтік көмек 16 мыңнан аса алушыға 217,6 млн.теңге көлемінде көрсетіліпті. «Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бағдарламасы аясында халықты кеңінен қамту әлеуметтік көмек шаралары жүзеге асырылуда, бұған 199,5 млн.теңге сомасында қаражат қарастырылған. Жыл басынан бері әлеуметтік көмек төлемі 13631 ҰОС мүгедектеріне және қатысушыларына және соғысқа қатысушыларға теңестірілген жеңілдігі бойынша тұлғалар, туберкулезбен сырқаттанушылар, ВИЧ- инфицизацияланған, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғалар, онкологиялық аурулармен ауыратын тұлғалар, аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер, мүгедектер тағы басқа  мұқтаж азаматтарға 176 млн.теңгеден аса бөлінді. Бұдан бөлек, қазан айында амбулаторлық емделуден өту кезеңінде туберкулезбен ауыратындар үшін ыстық тамақ ұйымдастыру бойынша жоба жүзеге асырыла бастады. Әлеуметтік асхана ашылды.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Жұмабаева Айжан Екібастұз өңірі орталықтандырылған кітапханалар желісінің жұмысы туралы

Күн тәртібіндегі тағы бір сұрақ - Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын іске асыру аясында Екібастұз қаласының атқарушы органдарында мемлекеттік тілдің іс жүргізудің негізгі тілі ретінде қолданылуы. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ай сайын бөлімдер мен ауылдық округтардан шығатын кіріс-шығыс құжаттарына талдау жүргізіп отырады.

- 2014 жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша қала әкімінің аппараты,ауыл шаруашылық, ішкі саясат, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, жер қатынастары, білім, тұрғын үй инспекциясы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінде мемлекеттік тілде шыққан құжаттар 100 % құрады. Осындай жағдай  Ә.Марғұлан атындағы ауыл, Төртқұдық, Сарықамыс, Бәйет, Ақкөл, Теміржол, Қарасу, Құдайкөл, Қоянды ауылдық округтары мен Шідерті кентінде. Төменгі пайыз көрсеткен мекемелер: Солнечный кенті - 98%, Екібастұз ауылдық  округі – 98%, қаржы бөлімі – 94%, спорт бөлімі – 98%, сәулет бөлімі –7 %, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі- 98%,құрылыс бөлімі – 32,6%, ветеринария бөлімі– 94,7%. Барлық бөлімдерде кіріс – шығыс құджаттарын тіркеу журналы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Көрнекілік ақпараттар екі тілде ресімделген, - деді «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы Анаргүл Дүйсекеева.

Әкімдік мәжілісінің барлық мәселелері қаралып, әр сұрағына қаулы қабылданды.

 

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза