Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ЮНЕСКО клубының мүшесі Екібастұз қалалық балалар көркем сурет мектебі ұстаздары мен оқушыларының көрмесі Павлодарда

2014 жылдың 24 қазанынан бастап 24 қарашаға дейін Павлодардағы облыстық көркемсурет мұражайында ЮНЕСКО  клубының мүшесі Екібастұз қалалық Балалар көркемсурет мектебінің ұстаздар мен оқушылардың   «Палитра времени» атты көрмесі өткізілуде.

Аталған іс-шара ұстаздар мен оқушылардың көп жылдар бойы жасаған еңбегінің нәтижесі бойынша 30-жылдық мерейтойға арналған.

Көрмеге әр түрлі техникада жасалған 116 жұмыс ұсынылды. Атап айтқанда: графика, кескіндеме, акварель, қолданбалы қолөнер, мүсін. Сонымен қатар аралас техникадағы жұмыстар көп болды.

Көрменің салтанатты ашылуына Павлодар қаласына мектеп директоры Ғинаят Сыздыков пен ұстаздар барды.

Көрменің құрметті қонақтарының бірі - мектептің алғашқы директоры Сергей Пантелеев те болды. Көрменің мерейтойлық ашылу салтанатына Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі Бота Машрапов сынды атақты суретшілер, Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның көркемсурет академиясының сыйлы академигы, «Құрмет» орденінің иегері Қабдыл-Ғалым Каржасов, «Өрлеу» облыстық біліктілікті жоғарлату орталығының әдіскері Ерсін Тақырбасов, Павлодарлық ақын Ольга Григорьева, № 1 балалар көркемсурет мектебінің директоры Ляйля Магзамова, № 2 балалар музыкалық  мектебінің директоры Лаура Темірғалиева, балалар көркемсурет мектептерінің ұстаздары мен оқушылары, «Голос Экибастуза» газетінің тілшісі Мария Гонтарь сияқты қонақтар келді.

Сонымен қатар, мектеп директорына «Өрлеу» облыстық біліктілікті жоғарлату орталығының әдіскері Ерсін Тақырбасов облыстық білім беру басқармасының алғыс хатын табыстады.

Көрме жайында пікірлер жанға өте жылы және барлық күткен үмітімізді ақтады. Мерейтойға мектеп ұжымы ұстаздар мен оқушылардың көптеген жетістіктерін әкелгені ескерілді.