Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы атқарушы органдары «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналастыру үшін өткізілген конкурстар жөнінде ақпарат 2014 жылдың 6 қарашасынан

«Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-де 2014 жылдың 6 қарашасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналастыру үшін конкурстар өткізілді.

         Конкурстарға 5 үміткер қатысты. Пікіралысу жүргізу қорытындысы бойынша келесі кандидаттар:  

         - Екібастұз қаласы әкімі аппараты жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманының лауазымына Зарина Томарова;

         - «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі бас маманының лауазымына  Самат Бейсембеков;

         - «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары  бөлімі» мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласы бойынша жерге орналастыру секторы бас маманының лауазымына Дамира Дюсембаева «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналастыруға ұсынылды.

         Ислам Уябаевты «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары  бөлімі» мемлекеттік мекемесі бас маманының лауазымына «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кадр резервіне қосу ұсынылды.

         Қала әкімі аппараты конкурстық комиссиясы жұмысының айқындығын және әділдігін қамтамасыз ету мақсатында комиссияның отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі – «Екібастұз дауысы» ақпараттық орталығы» ЖШС директоры-бас редакторы Айнур Мейрамова, «Нұр Отан» республикалық саяси партиясының өкілі Айнамкоз Рахимжанова бақылаушылар болып қатысты.

 Екібастұз қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі