Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ауыл шаруашылығы қызметкерлерін құттықтау

2014 жылғы 12 қараша күні ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Қала әкімі Александр Вербняк бұл мамандық иелерін кәсіби мерекемен құттықтап, барлығына денсаулық, бақыт, толағай табыстар және отбасылық құт-береке тіледі.

         Ауыл шаруашылығы қызметкерлері Күнін мерекелеуге байланысты Ақкөл ауылдық округі «Табыс» шаруа қожалығыныңы басшысы Манат Алғамбаров «Екібастұз қаласына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды.

         Келесі қызметкерлер Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды:

1. Хаджимұратов Барлыбай – ауыл шаруашылығы өндірісінің ардагері, алғашқы тың игеруші.

2. Ильин Захар – ауыл шаруашылығы өндірісінің ардагері, Әлкей Марғұлан атындағы ауыл.

3. Арғанатов Кенжетай - ауыл шаруашылығы өндірісінің ардагері, алғашқы тың игеруші.

4. Әліпов Қапез - ауыл шаруашылығы өндірісінің ардагері, алғашқы тың игеруші.

5. Тайғанов Биғайыр - ауыл шаруашылығы өндірісінің ардагері.

6. Әбілденова Назгүл – «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

7. Альжанов Қайрат - Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың мал дәрігері.

8. Лебедев Виталий – Екібастұз қаласы «Best milk» ЖШС директоры.

9. Құсайынов Серікбол Ақкөл ауылдық округі «Табыс» шаруа қожалығының аға шопаны.

10. Родоманов Юрий – Шикылдак ауылы «Родоманов» шаруа қожалығының басшысы.

11. Сүлейменов Болат - Төртқұдық ауылдық округі «Достар» шаруа қожалығының басшысы.

2. Қала әкімінің алғыс хатымен марапатталғандар:

1. Атымтаев Төлеген  – Сарықамыс ауылдық округінің механизаторы.

2. Богданова Раиса  – Қоянды ауылдық округі ЖК «Богданова» басшысы.

3. Макажанов Сәкен - Ақкөл ауылдық округі «Құдияр» ШҚ басшысы.

4. Мұқанов Жасұлан – Ақкөл ауылдық округі «Тұрар» шаруа қожалығының табыншысы.

5. Мұқашев Арман – Әлкей Марғұлан атындағы ауыл «Қуаныш»  шаруа қожалығының басшысы.

6. Назбиев Аманжол – Байет ауылдық округі «Алтайхан» шаруа қожалығының басшысы.

7. Сәдуақасов Серік – Шідерті кенті «Анар» шаруа қожалығының басшысы.

8. Сансызбай Сара –  Құдайкөл ауылдық окрігінің жеке кәсіпкері.

9. Саржанова Толқын  – Екібастұз ауылдық округі ЖК «Калияшев» қызметкері.

10. Оразәлімов Ержан – Қоянды ауылдық округінің мал дәрігері.

         Ауыл шаруашылығы саласындағы қажырлы еңбегі, Екібастұз қаласының ауыл аймағында тұрақты агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын орындағаны үшін І дәрежелі диплом Ақкөл ауылдық округіне, ІІ дәрежелі диплом Бесқауға ауылына және ІІІ дәрежелі диплом Құдайкөл ауылдық округіне тапсырылды.

«Үздік шаруа қожалығы» аталымының дипломымен Бесқауға ауылы «Болат» ШҚ басшысы Тимофей Чебентаев, «Үздік малшы» аталымының дипломымен Ақкөл ауылдық округі «Табыс» ШҚ аға малшысы Сағындык Аушахманов,  «Үздік механизатор» аталымының дипломымен Бесқауға ауылы «Тілек» ШҚ басшысы Темірғали Сәрсембаев, «Үздік комбайншы» аталымының дипломымен Бесқауға ауылының комбайншысы Аманжол Беляев, «Үздік табыншы» аталымының дипломымен Шиқылдақ ауылы «Жаңа ауыл»  ШҚ табыншысы Алтай Карменов,  «Үздік шопан» аталымының дипломымен Қоянды ауылдық округі «Айша» шаруа қожалығының шопаны Юрий Шеремет марапатталды.

Салтанатты шара «Атамұра» мәдениет орталығында мерекелік түскі аспен аяқталды.