Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өңдеуге рұқсат беру

        Тауардың зат белгісін көріп көп адамдар оның жаңа неміс технологиялары бойынша өңдеуден өтіп, машақаты  көп және осындай қызмет түріне шетелден рұқсат алу үшін қаншама жұмыс орнына бару қажет деп ойлаулары мүмкін.   

         8 жыл бұрын азаматтар бұл үшін толық күнін арнайтын. ХҚКО пайда болған сәттен бастап көптеген мемлекеттік қызметтерді алу, соның ішінде «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өңдеуге рұқсат беру» қызметін алу айтарлықтай оңтайландырылды.  

        Бекітілген үлгіде өтінішті толтыру үшін басты қажетті барлық құжаттар қосылды, бұл – жеке куәлік, куәліктің нотариалды расталған көшірмелері немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалары, түпнұсқасын ұсына отырып, өнімді өңдеу жөніндегі шартының көшірмесі тауарларды аумақтан тыс және тиісті құзырлы уәкілетті мемлекеттік органның ішкі тұтынуы үшін өңдеу жағдайлары туралы құжаттың көшірмесі.

          ЭЦҚ және порталда тіркеу болған жағдайда, сіз қызметті үйде «Өндіріс» бөлімінде алуыңызға болады. Құжаттар тізімі сіздің ХҚКО инспекторына ұсынғанмен бірдей, тек оны расталған өтінішке электрондық үлгіде қосасыз.

         Егер  сіз EGOVтың жаңа  қолданушы болсаңыз, көмек үшін Connection Point кеңесшілеріне  жүгінуіңізге болады, олар сізге әр қадамда порталмен қалай жұмыс жасау керектігін көрсетеді.

         Енді қызметтің мерзімдері мен бағасы туралы. «Өнімді Қазақстан Республикасының ааумағынан тыс өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметі тегін көрсетіледі және клиенттер дайын құжатқа 15 жұмыс күні өткеннен кейін келулеріңізге болады.