Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жаппай кешенді спорттық іс-шаралар

2014 жылғы 6-8 қараша аралығында №1 БЖСМ-ның спорт залында Екібастұз қаласында жаппай кешенді спорттық іс-шаралар өткізілді.

         6 және 7  қараша аралығында сағат қала оқу орындарының қыздары мен ұлдары арасында ұлттық ойын тоғызқұмалақтан қала біріншілігі өтті.

Жарыстың қорытындысы бірінші орынды ұлдар арасында «ЕПК» және қыздар арасында«ЕТТК» құрама командалары жеңіп алды, екінші орынды «ЕТТК» және «ЕПК» командалары иеленді, ал үшінші орын «ЕИТИ» колледжінің еншісіне тиді. 

         Қарашаның 6-нан 8-не дейін  2000 жылы туған қыздар және 2001 жылғы ұлдар арасында баскетболдан дәстүрлі жылсайынғы ауданаралық турнир өткізілді.

Жарыстың қорытындысы төмендегідей:

 

Ұлдарр арасында

Қыздар арасында

1-орын – «№1 БЖСМ» құрама командасы

2-орын – «Баянауыл ауылы» құрама командасы

3-орын – «Степногорск ауылы»  құрама

командасы

1-орын – «№1 БЖСМ» құрама командасы

2-орын – «№1 БЖСМ және №10 ЖОББМ» құрама командасы

3-орын – «Байет ауылы»  құрама командасы