Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.03.11. бастап 14ж.10.11. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 20 сағ. 10 мин. жалғыз тұратын әпкесі екінші күн есік ашпайтындығы және телефон қоңырауларына жауап бермейтіндігі жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орына келіп, жылжымалы сатымен 2-қабаттың балконына көтерілді, балкон есігі арқылы пәтерге кіріп, сыртқы есікті ішінен ашты. Пәтерде сыртқы есіктің жанында еденде жатқан үй иесінің денесі табылды.
  2. 09 сағ. 58 мин. 4 жасар баласы сыртқы есікті ішінен ысырмаға жауып алғандықтан пәтердің кілтімен есікті аша алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, терезе торымен, сақтандырғышты ұйымдастырып 2-қабаттың балконына көтерілді, балкон есігі арқылы пәтерге кіріп, сыртқы есікті ішінен ашты. Зардап шеккендер жоқ.
  3. 11 сағ. 24 мин. Павлодар–Екібастұз Қарасор к. тас жолында «Фольцваген-Пассат» және «Ауди-80» екі автокөлігінің қарама-қарсы соқтығысы болғандығы, қысылып қалғандар және зардап шеккендер бар екендігі жөнінде хабарлаған ЖКО бас қасында болған адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, гидравликалық құралдың көмегімен қысылып қалған «Ауди-80» жүргізушісін шығарды және «жедел жәрдем» қызметкерлеріне тапсырды.
  4. 17 сағ. 13 мин. сыртқы есіктің құлпы желініп қалғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлған жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, пәтердің кілтімен сыртқы есікті ашты.
  5. 02 сағ. 03 мин. Қарағанды-Павлодар-Омбы бағыты бойынша 16 жолаушы және 2 жүргізуші келе жатқан автобусына толық жүрісінде екі жолаушы және жүргізуші болған «Фольцваген-Гольф» автокөлігі қақылғаны жөнінде хабарлаған рейстік қала аралық автобустың жүргізушісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, гидравликалық құралдың көмегімен қысылып қалған жүргізушісінің денесін , содан соң жолаушының денесін шығарды, үшінші жолаушының денесін құтқарушылардың келуіне дейін осы машинадан оқиғаның қасында болған адамдар алып шыққан.

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

кинологиялық қызмет басшысы                         Куценко Г.А.