Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жұмағали Қоғабайдың 65 жас мерей тойына арналған кездесу

2014 жылдың  7  қарашасында, Қазақстан  Жазушылар  Одағының мүшесі,  қаламгер,  ақын,  журналист, қоғамның  белсенді қайраткері  Жұмағали Бейжанұлы Қоғабайдың 65 жас мерей тойына арналған кездесу кеші өткізілді.

         Ұйымдастырылған ауқымды  шараға байланысты «Қырандарым, самғай бер» атты  баспа кітаптардан   көлемді  көрме  жасалды.  Шара  жетекшісі Г.Қатбенова   ақынның  өмір желісіне қысқаша баяндама оқып арнайы әзірленген  көрме желісімен  таныстырды. Жалпы кешке    ЕКИТИ колледжінің  ТМ-21 топтағы 2-курс студентері қатысты. Шығармашылық кешті музей басшысы Нағима Смаилова  құттықтау сөзімен ашып, ақынға  алғыс хат табыстады.  Гүлбақыт Абдуалиева және Алина Қайыргелдиновалар   Жұмағали Қоғабайдың «Жаңаөзен», «Досыма хат», «Желбіреген көк туым» атты өлеңдерінен  үзінділер  оқып, кешке арнайы келген  студенттер ақынның  шығармашылығымен  танысты.

Кеш соңында Жұмағали Қоғабай ризашылығын білдіріп музей қорына «Қырандарым, самғай бер» атты кітабын тарту етті.