Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз...

Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның қоғамда туындауы туралы бағытта атқарылған  жұмыстар 

 

         Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік мекемелер қызметінің аса мағыналы және мақсатты бағытының бірі – қоғамда туындаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

2014 жылы Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы қызметшілерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша сала бағдарламасына сәйкес, Павлодар облысы төтенше жағдайлар Департаментінің 2014 жылдың 8 ақпанындағы №27 бұйрығын орындауда Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасында белгіленген жұмыстар атқарылды. Сонымен 2014 жылға Басқарма қызметшілерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу бойынша алғашқы іс-шаралар жоспары бекітілді.    

Ай сайын құқықбұзушылық қауіптілігіне тәуекел ететін міндеттегі Басқарманың қызметшілерімен сыбайлас жеқорлықпен күрес заңдылығы бойынша дәріс жүргізіледі, барлығы 10 дәріс өткізілді.

    Апта сайын Басқарманың бөлімдерінде жеке құраммен – «тексеріс жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты сақтау туралы» - «қол қоюмен» нұсқаулық жүргізіледі.

2014 жылдың 23 қаңтарында ТЖБ оқыту сыныбында Басқарманың МӨББ қызметілерімен қала кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді «Бизнеске қысымды азайту». Отырыс кезінде қаралған сұрақтың бірі -  тексеріс жүргізу кезінде сыбайлас жеқорлықтың алдын алу. Дөңгелек үстелді өткізгендігі туралы ақпарат қаланың газеттерінде басылды.  («Семёрка» 30.01.14, «Отарка» 30.01.14, «Голос Экибастуза» 06.02.14 және қала әкімінің сайтына).

2014 жылдың 03 наурызында ТЖБ оқыту сыныбында Басқарманың МӨББ қызметілерімен оқыту орындарының және мектеп алды мекемелерінің басшыларымен семинар өткізілді тақырыбы «Оқыту орындарындағы өрт қауіпсіздігі» сондай-ақ  қаралған сұрақтың бірі - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

 Ағымдағы жылдың маусымында Екібастұз өңірі бойынша ауданаралық қаржы полициясы басқармасының қызметшілерімен «Сыбайлас құқықбұзушылық» тақырыбында Басқарманың жеке құрамымен семинар-сабақ өткізілді.

-       Министрліктің бедел-бейнесін қалыптастыру мақсатында және сыбайласқа қарсы күрес бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау жұмыстары тәртібінде, Екібастұз қаласы ТЖ Басқармасының қызметшілері 2014 жылы 18 рет бұқаралық ақпарат құралдарынан эфирге шықты.

 

Екібастұз қаласы ТЖ

басқармасының бастығы

подполковник Б.Ешматов