kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Жер учаскесіне кадастрлық ақпарат беру»

 Мемлекеттік қызметті Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитеті «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
 Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.  Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: ХҚКО-ға немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) минут; Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесіне кадастрлық ақпарат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
Ақпаратты қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық түрде ресімделеді, басып шығарылып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрімен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
 Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза