Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«ІІ, ІІІ және IV санат объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру»

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Aстана және Aлматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
 көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі;
 Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
 www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
, ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
рұқсат беру - 1 (бір) айдан аспайды;
рұқсатты қайта ресімдеу - 1 (бір) ай ішінде;
өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды беру - күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде; Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу не көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауабы.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында «жеке кабинетке» жолданады.