kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
3) www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
 құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап:
көрсетілетін қызметті берушіге – 3 (үш) жұмыс күні; Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және немесе қағаз түрінде.
 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
 көрсетілетін қызметті берушіде, ХҚО-да – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалардың және (немесе) мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль мөртаңбасын қою;
 порталда – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалардың және (немесе) мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль мөртаңбасын қоюға дайын екендігі туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза