kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Алтын: Жылу

Сәлеметсізбе, құрметті әкім! Мен 22 шағын ауданда жер үйде тұрамын, 3 жыл болды, үйді өзіміз салып алдық. СУымыз бар, тек жылу ғана жоқ, былтыр әкіммен тікелей эфир болғанда осы жылу тарту туралы сұрақ қойғанбыз. Ол кісі үйлердің құрылысы  80% болғанда ғана жылу болады деген.Үйлер жылдан жылға көбейіп келеді. Мүмкін жылу құбырын тартатын уақыт жеткен шығар.Тезірек жылу болса екен дейміз. Назарыңызға рахмет!!

Құрметті Алтын!

Сіздің қала әкімінің веб-сайтына жіберген отінішіңізге келесіні хабарлаймын:

2008 жылы осы шағынауданда инженерлік желілер (сумен кәріз, электржелілері) салынған. Жылу желісін салуға сол кезде қаражат бөлінбеген.

Инженерлік коммуникацияларда салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама 2007 жылда әзірленген. Оны түзету керек.

Қазіргі уақытта, жылу жүйесін салуға жергілікті және де республиқалық қаражат қарастырылмаған.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы негізінде Сіз қабылданған шешімді қайта қарауға құқыңыз бар.

Құрылыс бөлімі

бастығының м.а.                                                                    Ғ. Оспанов

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза