Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.27.10. бастап 14ж.03.11. дейінгі аралықта «Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1. 12 сағ. 14 мин. бес қабатты тұрғын үйдің төбесінен спутниктік антенна салбырап тұрғандығы және құлау қаупі бар жөнінде хабарлған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, үйдің төбесіне көтерілді, сосын жіптерді антеннаға іліп, оны үйдің төбесіне тартып алды, содан соң спутниктік антеннаны үйдің шатырының астына түсірді.      

2. 01 сағ. 06 мин. болжаммен пәтерде ер адамның денесі бар, ал сыртқы есік ішінен ысырмаға жабық тұрғандықтан, полиция қызметкерлері пәтерге кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған 102 кезекшісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, осымен полиция қызметкерлеріне кіруге мүмкіндік берді.      

3. 00 сағ. 15 мин. күйеуі сыртқы есікті ішінен ашпағандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, ал пәтерде күйеуінің жанында 3 және 5 жасар екі бала бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті.  Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, ер адам алкогольдік мас күйінде ұйықтап жатты.  

4. 13 сағ. 15 мин. ішінде 6 адам болған вахталық автобуста ЖКО түскендігі жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті, оның айтуы бойынша зардап шеккен бар, автобус жүргізушісі қысылып қалған, құтқарушылардың көмегі керек. Жедел жәрдем қызметкерлері өз күштерімен қысылып қалған жүргізушіні шығарып алғандықтан, құтқарушылардың оқиға орнына жеткенінде көмек қажет болмады. Құтқарушылар, аккумулятордың клеммасын ағытты, содан кейін автобусты қарап шықты.  

 

 

 ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:  22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ»  

3-құтқару бөлімшесінің басшысы                                      Оспанов М.М.