Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жас орындаушылар байқауы «Жас талап-2014»

Өткен аптада «Өнер» қалалық мәдениет орталығының кіші залында Жастар бастамаларын дамыту орталығы, «Нұр Жұлдыз» продюссерлік орталығы, «Өнер» мәдениет орталығының жастар бөлімінің ұйымдастыруымен бірінші  курс студенттері арасында «Жас талап-2014» байқауы өтті.

 Біздің қаламызда талантты, әрі шығармашылық жастар көп. Жыл сайын қала оқу орындары студенттерінің арасында әр түрлі сайыстар өтеді. Соның бірі патриоттық сезімдерін, шығармашылық қабілеттерін көрсететін «Жас талап-2014» байқауы.

Байқауға Екібастұз құрылыс-техникалық колледжінің студенті Жұмабаев Мұхит, Қаныш Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының студенті Калиева Күнсұлу, Қосым Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің студентіАмангельдинов Асхат,  Екібастұз медициналық колледжінің студенті Олжатай Айдос, инженерлік-техникалық институты Екібастұз колледжінің студенті Өсібай Болатбек,  Екібастұз политехникалық колледжінің студенті Аллояров Ибрагим және  Инновациялық Евразиялық Университеті Екібастұз колледжінің студенті  Рахымберді Әлпеш қатысты.

Қатысушыларды бағалауға, қазылар алқасының мүшесі ретінде ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Жұмағали Қоғабаев, жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Садықова Раушан, «Нұр Жұлдыз»  продюссерлік орталығының директоры Есеналиева Гүлнар, жастармен жұмыс бойынша әдіскер Мерк Юлия шақырылды.

Шарт бойынша қатысушылар екі көрініс көрсетті. Өздері таңдаған тақырыпта қазақ тілінде мәнерлеп өлең, әңгіме, монолог т.б. оқыды және «Сен гүлденсең, біз де гүлдейміз – Қазақстан» атты патриоттық тақырыпта вокалдық нөмір дайындады.

Сайыстын қортындысы бойынша Рахымберді Әлпеш гран – при иегері атанса, 1–орынды Амангельдинов Асхат ұтып алды, 2-орында Калиева Күнсұлу, 3–орынды Өсібай Болатбек иеленді.