Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы әкімдік мәжілісін өткізді

           Жұма күні қала әкімі  Александр Вербняктың басшылығымен  әкімдік мәжілісі өткізілді. Отырыстың жоспарына сәйкес 4 мәселе қаралды.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ішкі саясат бөлімінің басшысы Зинаида Мұхаметжанова есеп берді.

Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қуаныш Қабдуәлиев қаланың сәулеттік келбеті және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңын сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде айтты.

- Қазіргі уақытта сәулет бөлімімен мұзды сарайының ғимарат құрылысының тұжырымдамасы өңделуде. «Шахтер» бағында жаңа атқыманың дизайндық жұмысы орындалған, ол барлық санитарлық нормаларға және халықаралық қазіргі заман стандарттарына сәйкес келетін технологиялық жоба,  - деді Қ. Қабдуәлиев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы  Екібастұз ауылдық округінің әкімі Марат Құспеков баяндады.

Қала әкімі аппаратының басшысы Мәриям Адасбаева Екібастұз қаласы әкімдігінің регламентін бекітуге ұсынды.

           Әкімдік мәжілісінің барлық мәселелері қаралып, әр мәселе бойынша қаулы қабылданды.