kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Айгүл Шоштаева: Ашық жатқан люктер

Өткен, сәрсенбі күні, яғни 29 қазаны күні, мен Омская көшесімен вокзалдан СЕГА-ойл жанармай құю бекетіне бара жатқан жолымда бетін қар жапқан канализациялық люкке сол аяғыммен түсіп кеттім. Күн қатты боран болғандықтан, ештеңе көрінбеді. Бақытыма қарай екінші аяғым жер бетінде қалып, сонымен ғана аман қалдым. Құдайға шүкір аяғым, еш жерім жарақат алмады. Сосын тағы алға жүріп бара жатқан жолым тап сондай ашық жатқан екінші люкті көрдім, одан үшінші люкті аңғарды, алайда ол мықтап жабылған екен. Менің айтарым, неліктен біздің қалалық коммуналдық қызметтер сондай люктерді айқара ашып тастап кете береді? Балалар өтіп бара жатса не болар еді??? Сол күні маған қарсы жақтан тағы бір адам келе жатқан, бірақ та ол менің ашып кеткен люгімді көрген болар. Қатты бораннан ештеңе айтып үлгермедім. Әкім мырза, Сізден өтініп сұраймын: қандай қызметтер соған жауапты болады, әлде қай кәсіпорынға тиесілі болады? Жауабыңызға алдын ала рахметімді айтамын. 

 

Құрметті Айгүл!

 

Сіздің, Омская көшесіндегі ашық қалған кәріз люктары    мәселесі жөнінде қала әкімінің ресми сайтына келіп түскен өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

Осы өтініш комиссиялы түрде 2014 жылдың 05 қарашасында «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ, «Горводоканал» МКК мандарымен оқиға орнына шығып қаралды.

Комиссиялық байқап-тексеру барысында Омская көшесі бойынша біреуі ашық, ал екеуі қақпақпен жабық  үш су құбыры құдықтары бар екені  анықталып отыр.

«Горводоканал» МКК ақпараты бойынша аталған көшедегі жұмыс істемейтін су құбыры құдығы 2014 жылдың 07 қарашасында жабынды тақтасымен жабылған.

«Горводоканал» МКК басшылығына ұқсас жағдайларды болдырмау үшін Екібастұз қаласы бойынша су құбыры құдықтарына байқап-тексеруді өндіру ұсынылды.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Сіздің аталмыш Заңның 12- бабының талаптарына сәйкес қабылданған шешімге арыздануға құқығыңыз бар.

Екібастұз қаласы әкімдігінің

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,

 жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары бөлімі» ММ

басшысы                                                                                            Қ. Қасенов

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза