Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тұрғындарға кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысы

Қазіргі уақытта Өскемен қаласының «Еңбек нарығын сараптау және болжау орталығы» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, тұрғындардың мақсатты топтарымен (жұмыссыздар, жұмыспен біртіндеп қамтылғандар, аз қамтылғандар, өздігінен жұмыс істейтіндер, мүгедектер және азаматтардың басқа да санаттары) кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары жүргізілуде.

2014 жылғы 16 қазан мен 30 қараша аралығында білім беру семинар-тренингтер өткізілетін болады. Кәсіби бағыт-бағдар беру қандай да бір мамандыққа тоқталуға, ұзақ мерзімді жұмыссыздықты азайтуға және жұмысқа орналасуға ұмтылған азамматтардың жылдам жұмыс табуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жұмысқа орналасу әлеуеті төмен, бірақ қажеттілігі жоғары деңгейлі тұлғаларға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларын дер кезінде қабылдауға жағдай тудырады.

Жоба аясында 550 адам қамтылатын болады.