Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Назарбаев Университеті өкілдерімен кездесу

Кәсіптік бағдар беру жұмысының аясында 2014 жылдың 29-қазанында № 1 мектеп-лицейі жанында,  «Зерде» мектебі  және  «Қайнар» ББК дарынды балалары үшін  педагогтар, 9-11 сынып оқушылары және ата-аналар қауымы Астана қаласының «Назарбаев Университеті» өкілдерімен  кездесу  өткізілді.

Университет қызметкерлері университетке қабылдау мәселесі бойынша  кең ауқымды ақпараттық-түсініктеме науқанын жүргізді, атап айтқанда:  құжаттарды қабылдау мерзімі, қабылдау емтихандарын тапсыру ережелерін түсіндірді.  

Сондай-ақ  тыңдаушылардың назарына  студенттер  өмірінің білім алуына жағдай жасалуы, бос уақытын өткізуі  және   ойын-сауығы туралы тартымды тұсаукесер  рәсімі  ұсынылды.

Өңір мектебінен барлығы 340 оқушы қамтылды.