Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 90 жасқа толуы

27 қазан күні Екібастұз тарихи-өлкетану музейі маманының ұйымдастыруымен № 7 орта мектебінде қазақ балалар әдебиетінің классигі, көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 90 жасқа толуына орай әдеби–көркем кеш өткізілді.

Оқушылар Б. Соқпақбаевтың өмірі және шығармашылық қызметімен танысты.

Іс–шара барсында «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» повестері талқыланды.  

Кештің соңында балалар  басты кейіпкер Қожаның бейнесін мейірімді, білімге құштар, ашық және тапқыр мінезді, үнемі әр қилы жан ретінде бейнеледі.