Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Индустриалды - инновациялық дамытуды мемлекеттік қолдаудың шаралары

Инновациялық саясатты іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы Үдемелі индустриялды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инновациялық қызметті қолдау мақсатында қазіргі уақытта индустриалды-инновациялық дамытуды мемлекеттік қолдаудың шаралары белсенді іске асырылуда.

«Орталық кітапханалық жүйесі» ММ базасында ҚР инвестициялар және даму министрлігінің «Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі «Астана қаласының өңірлік технопаркі» ЖШС және Екібастұз қаласы әкімдігінің қолдауымен өңірде инновациялық белсенділігін арттыру мақсатында индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларына қатысты семинар-кеңес өткізілді.

Семинар - кеңесте аталған акционерлік қоғам арқылы іске асырылатын  инновациялық гранттардың 9 түрі бойынша тетіктерін және оларды алу қағидаларын түсіндіру жөнінде технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттік пен Астана қаласының өңірлік технопаркі өкілдерінің презентациялары тыңдалды. Солай технологияларды коммерциялауға 25 млн. теңгеге дейін берілсе, шетелдік патенттеуге – 3 млн. теңгеге дейін, өнеркәсіптік зерттеулер өткізуге – 30 млн. теңгеге дейін, шетелде ИТР біліктілігін арттыруға – 1 адамға 2 млн. теңгеге дейін, жоғары білікті шетел мамандарын тартуға – 1 адамға 9 млн. теңгеге дейін, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға – 30 млн. теңгеге дейін, басқару және өндірістік технологияларды енгізуге – 15 млн. теңгеге дейін,   технологияларды сатып алуға – 150 млн. теңгеге дейін, жоғары технологиялық өнімді өндіруге қатысты стартапты құруға – 50 млн. теңгеге дейін беріледі екен.

Астана қаласы өңірлік технопаркінің және Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы арасында өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.

Шараға Екібастұз қаласының оқытушылары, ғалымдары, кәсіпкерлері және тағы да басқа мүдделі тұлғалар қатысты.