Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.20.10. бастап 14ж.27.10. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 17 сағ. 25 мин. балкон есігі жабылып қалғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрған зейнеткер балконда тұрғандығы жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, үйдің төбесінен үй иесі тұрған бесінші қабаттың балконына түсті. Балкон есігін ашып, оны пәтеріне кіргізді.  
  2. 14 сағ. 48 мин. жалғыз тұратын зейнеткер жастағы көршісі пәтерінде құлап қалып көмек сұрап жатқандығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, учаскелік инспектордың көзінше шынысын алып желдеткіш арқылы пәтерге кірді, сыртқы есікті ішінен ашты. Ер адам бөлмелердің бірінде еденде жатты. Жедел жәрдемді шақырды.   
  3. 20 сағ. 46 мин. құлпы желініп қалғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, ал пәтерде өздігінен қозғала алмайтын әжей бары  жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.   
  4. 20 сағ. 42 мин. кілтін жоғалтып алғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, ал пәтерде үш айлық бала бар екендігі, жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

 «ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

 4-құтқару бөлімшесінің басшысы                     Ж.К. Каирбаев