Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Діни экстремизм идеясының алдын-алу жолдары

Қазанның 20-нан 22-не дейін қалалық ақпараттық-насихаттау тобы жалпы саны 199 адамды қамтыған, №3 (Зерде), 23 мектеп, Қаныш Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының оқытушылары және оқушыларымен, «Экибастузкомунсервис» МҚК еңбек ұжымымен Екібастұз аймағы тұрғындарын дәстүрлі емес діни ағымдарға  және  деструктивті  секталарға тартудың алдын-алу бойынша «Дін және дәстүр» тақырыбында кездесулер өткізді. АНТ барысында 220  бүктеме, 105 бұрыштама, 12 кітапша және 3 плакат таратылды.

24 қазанда ішкі саясат бөлімінің Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы «NOMAD» ЖҚБ-мен бірге 70 адам қатысқан, «Қазақстан жағдайындағы діни экстремизм: қарсы іс-қимыл тәжірибесі, мәселелері және механизмдері» атты аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізген болатын.

Есепті кезеңде Екібастұз өңірінің қоғамдық-саяси жағдайы тұрақтылығымен байқалды.