Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тілеубай Төлеутемірұлы Сәдуақасов «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды

Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 9 қазандағы өкімімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.

         1956 жылдың 9 сәуірінде туған. 1977 жылы ветеринар мамандығы бойынша Семей зоотехникалық –ветеринарлық институтын  бітірген.

Тілеубай Төлеутемірұлы  Сәдуақасов еңбек жолын 1977 жылы Байғұныс кеңшарында ветеринар технигі болып бастаған.

«Еңбек – Павлодар» Республикалық кәсіпорны ауыл шаруашылығы өндірісі және дайындау бөлімшесінің ветеринар дәрігері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Павлодар аудандық аумақтық басқармасының ветеринар дәрігері,  «Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман- ветеринар дәрігері, «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ ветеринария жөніндегі бас маманы болып еңбек еткен.

Ветеринария бөлімінің басшысы болып тағайындалғанға дейін «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің  бас маманы лауазымын атқарды.

         Мемлекеттік қызмет өтілі 14 жыл.