Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екібастұз қаласында өткізілген «Қамқорлық» қайырымдылық айлығының қорытынды ақпараты

Жыл сайын Екібастұз қаласында «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы өткізіледі.

Ағымдағы жылдың айлық шарасын өткізуге белсенді қатысқан мынадай кәсіпорындар болды: «Богатырь Комир» ЖШС; «Евразиатская энергетическая корпорация «разрез Восточный» АҚ, «Экибастузская ГРЭС-1 им. Б.Нуржанова» ЖШС, «Экибастузская станция  ГРЭС -2» АҚ, ҚІІБ, «КЕGОК» Филиал Северные МЭС АҚ, Промсервис-Отан» ЖШС, «Энергоуправление» ЖШС, ПКФ «Алтын-Жол» ЖШС, «Автовокзал Экибастуз» ЖШС, «Горводоканал» ЖШС, «Халық банкі» ЕРФ АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Сбербанк России» ДБАО, «Цесна банк» филиалы АҚ, «Электросервис» ЖШС, «МАИС» ЖШС, «Спецуслуга» ЖШС, «РЭВС» ЖШС,   «Шырақ» КСК, «Очаг» КСК, «СТиХ НК» АТС ЖШС, «Возраждение» немістер қоғамы, «Проммашкомплект» ЖШС, «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ, «Промтехмонтаж» АҚ, «КазМонтажСервис» ЖШС,  «Азери» дәмханасы, «Циала» дәмханасы, «Олжас» дәмханасы, «Лето» дәмханасы, «Знак» дүкені, «Шнайдер» ЖК, «Хамзина» ЖК, «Азия-плюс», «Аметист» СҮ, «Болашақ» СҮ, «М-Видео» дүкені, «Мерей» СҮ,  «Мади» к/ш, «Жаксыберген» к/ш, «Сельхозник» к/ш, «Куаныш» дворовый клуб, білім мекемелері, денсаулық мекемелері, Екібастұз аумағының білім мекемелері, денсаулық мекемелері, Екібастұз аумағының ауылдық округтері және өзге де көптеген ұжымдары. 

Қала кәсіпкерлері (М.И.Исанов, Т.Б.Байханова, Д.Омарова, Р.Нұрғалиева, А.А.Жалмұхамбетова, А.А. Мұрзатаев) жеке садақа берді.

2014 жылдың 15 қазанындағы акция барысында 25027 аз қамтылған азаматтарға жалпы сомасы 69031,8 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілді.

Көмекке зәру адамдарға зор ықыласпен көрсеткен мейірімділігіңіз бен қамқорлығыңызға алғысымызды білдіреміз!