Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін құттықтады

         2013 жылдың 24 қазанында  Екібастұз қаласы әкімінің резиденциясында әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлеріне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

         Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк бұл мамандық иелерін құттықтап, марапаттау рәсімін өткізді.

Екібастұз қаласының әлеуметтік қорғау жүйесіндегі адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін қала әкімінің құрмет грамотасымен мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың бастығы Шынар Ермұханова, мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық бастығының орынбасары Анель Шенеева, мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың маманы Асылгүл Аппасова, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің бас мамандары Қуандық Бесенов, Динара Қасымова және Магиря Нагаева, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызметкерлері Сағила Достова және Раиса Тишпаева, жұмыспен қамту орталығының маманы Гүлсім Тоқсанбаева марапатталды.

Екібастұз қаласы әкімінің алғыс хаты мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың мамандары Нәзгүл Әділбаеваға және Мария Дүйсембаеваға, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің бас мамандары Эльмира Орынбаеваға және Рәсила Жәкеноваға, жұмыспен қамту орталығының маманы Майгүл Мусралиноваға және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері Гүлмира Хасеноваға тапсырылды.

Салтанатты шара  Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған концерттік бағдарламамен сүйемелденді.